Атырау, 24 қараша 05:06
 ашықВ Атырау +1
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Әйел сабағыш сабаздар

2 111 просмотра

12-14 наурыз аралығында полицейлер мекен-жай бойынша тұрмыстық зорлық-зомбылық жасауға бейім адамдардың есебінде тұрған 362 адамды аралап шықты. Бақылауға алынғандардың барлығы – ер адамдар.

Отбасылық жанжал – өте кінәмшіл мәселе. Күйеуінің қол жұмсағанына әйелдердің көпшілігі төзе алмайды, бірақ полицияға шағымданғылары келмейді. Мұндай жағдайларда учаскелік инспекторлар қорғау ұйғарымын жазады, оның жарамдылық мерзімі 10 күн. Егер осы уақыт ішінде әйел күйеуінің үстінен тағы да шағымданса, онда оған әкімшілік жаза қолданылады.

Күйеуі арақ ішпейтін, бірақ үнемі ештеңеге көңілі толмай, әйелін жанжал шығаруға итермелейтін отбасылар бар. Учаскелік инспекторлар осындай 38 отбасын аралап шықты, - дейді Атырау ІІД баспасөз қызметінің жетекшісі Гүлназира МҰХТАРОВА.

Бұдан басқа, қалалық жұмыспен қамту бөліміне отбасында зорлық-зомбылыққа ұшыраған әйелдерді жұмысқа орналастыру өтінішімен хаттар жолданды. Өйткені жұмыссыздық - әйелдің осал жері, ол күйеуі мен оның туысқандарына кіріптар болады. Ал оның үйде отыруы ұрыс туындайтын қосымша себепке айналады.

Зульфия ИСКАЛИЕВА

21 наурыз 2012, 13:16

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.