Атырау, 24 қараша 05:04
 ашықВ Атырау +1
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Әлемнің бірінші лаңкесі өлер алдында Барак Обамаға қастандық жасамақ болыпты

1 701 просмотра
АСТАНА. 18 наурыз. ҚазАқпарат - Әлемнің нөмірі бірінші лаңкесі Усама бен Ладен өлерінен сәл бұрын өзінің жақтастарына АҚШ Президенті Барак Обама мен Ауғанстандағы халықаралық күштердің қолбасшысы болған Дэвид Петрэусқа қастандық жасауды ұйымдастыруға бұйрық берген.

Лента-ру агенттігінің хабарлауынша, бұл туралы «Әл-Кайеда» көшбасшысы өлтірілген үйден табылған құжаттарға сүйеніп, The Washington Post басылымы жазған көрінеді.

Редакция қолына түскен құжаттарға сәйкес бен Ладен американдық президенттің ұшағын атып түсіруді жоспарлапты. Лаңкес Обама өлтірілгеннен кейін билік басына вице-президент Джо Байден келеді әрі ол бұл қызметке мүлдем дайын емес, сондықтан бұл жағдай АҚШ-тың даңғарысқа ұшырауына әкеледі деп санаған. Сонымен қатар ол Петрэустің көзі жойылса, онда Ауғанстандағы соғыстың барысы өзгереді деп есептеген.

Дегенмен де Обама әкімшілігі лаңкестердің бұндай жоспарлары ешқашанда да президент өміріне шынайы қауіп төндіре алмайтындығын ресми мәлімдеп отыр.

The Washington Post басылымның жазуынша, бен Ладеннің үйінен табылған аталған құжат құпияландырылған әрі таяу болашақта халыққа жария етіледі.

Айта кетейік, өткен жылы мамырда «Әл-Кайеда» лаңкестік желісінің жетекшісі, «№1 лаңкес» Усама бен Ладен американдық арнайы қызметтердің Пәкістанда жүргізген операциясы барысында өлтірілді. Дегенмен де осыдан кейін АҚШ-тың арнайы мақсаттағы қызметшілері бен Ладенді өлтірген жоқ, ол бес жыл бұрын қайтыс болды деген де ақпарат тараған болатын.

Дереккөз: "ҚазАқпарат"

18 наурыз 2012, 16:43

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.