Атырау, 7 қараша 02:39
 ашықВ Атырау -2
$ 492.14
€ 528.85
₽ 5.01

Қазғарыш агенттігінің сайтын бұзған хакер ресейлік оқушы болып шықты

1 959 просмотра

KazBIN.15.03.2012.Астана. – Қазақстанның Ұлттық ғарыш агенттігінің ресми сайтын 1-ақ минутта бұзған хакер ресейлік оқушы болып шықты. Ең қызығы, Қазақстанның Ұлттық қауіпсіздік комитеті хакер-оқушыны екі жылдан соң анықтап отыр. Бұл туралы РИА-Новости хабарлады.

Есте болса, 2010 жылдың шілдесінде Қазғарыш ұлттық агенттінің реми сайтына шабуыл жасалған болатын. ҚР ҰҚК жүргізген тергеу хакердің қай қаладан екенін 2011 жылы анықтаған еді, ал хакердің нақты кім екенін анықтауға тағы бір жыл жұмсалыпты. Тергеу нәтижесінде агенттіктің сайтын әлеуметтік желіде танысқан, оған дейін бір-бірін мүлдем танымайтын үш адам бұзған көрінеді.

Агенттік сайтын бұзған кезде Мурманск тұрғыны 14 жаста болған екен. Оның айтуынша, ол сайтты небәрі 1-ақ минутта бұзыпты. «Өйткені сайтты жасағандар порталға сенімді қорғаныс орнатпаған», – депті жас хакер.

Дереккөз: kazbin.kz

16 наурыз 2012, 10:13

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.