Американдық басылымның нұсқасы бойынша, алғашқы үштікке АҚШ Президенті Барак Обама, Қытай Халық Республикасының Төрағасы Ху Цзиньтао және Ресей Федерациясының Премьер-Министрі Владимир Путин кіріп отыр.
Ал төртінші орында АҚШ Федералдық резервтік жүйесінің төрағасы Бен Бернанке тұрса, бесінші орынды Google іздеу жүйесін жасаушылар Сергей Брин мен Ларри Пейдж иеленді.
Ал Microsoft компаниясының негізін қалаушылардың бірі Уильям Гейтске Forbes журналы 10-шы орын берген. Ал 11-ші орында Рим Папасы Бенедикт XVI тұр.
Билл Клинтон 32-ші, Усама бен Ладен - 38, РФ Президенті Дмитрий Медведев - 44-ші орында.
Дереккөз: inform.kz