Атырау, 24 қараша 04:45
 ашықВ Атырау +1
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Бразилиялық қаланың мэрі тұрғындарын ақырзаманға дайындауда

3 246 просмотра

АСТАНА. 16 наурыз. ҚазАқпарат -  Бразилиялық Сан-Франсиску-ди-Паула қаласының мэрі Дэсиу Колла қала тұрғындарын ежелгі майялықтардың күнтізбесі бойынша биылғы желтоқсанда келетін заманақырға дайындап жатыр, деп хабарлайды РИА "Новости".

Ежелгі үндістердің күнтізбесі бойынша 2012 жылдың 21 желтоқсанында біздің заманымызға дейінгі 3114 жылы басталған Бесінші Күн Дәуірі аяқталады-мыс. Өйткені күнтізбе дәл осы күнге келіп тоқтаған. Сондықтан байбаламшылдар мен ырым-жырымға сенгіштер осы күнді ақырзаманға балауда.

Қалабасы Дэсиу Колла бұл сәуегейлікке шындап сенеді. Онымен қоймай, өзінің қаласы ақырзаманда таптырмас пана болады деп ойлайды. Өйткені қала теңіз деңгейінен 907 метр биіктікте орналасқан екен, сондықтан су тасқындары мен цунамилер бұл қалаға қауіп төндіре алмайды. «Болжамдарға сенбейтіндер де ақырзаманға дайын болулары керек. Дамыған елдер баяғыда-ақ дайындалып алған, біз сияқты емес олар» - дейді мэр. Сонымен қатар, ол тұрғындарға апат кезінде пайдаланатын тұз, күріш және ауыз су сияқты адам ағзасына ең қажетті азық-түлік қорын міндетті түрде қанымдап қоюды тапсырды.

«Мен өзім үйіме бәрін дайындап қойдым, алда-жалда апат бола қалса, сырттан көмек күтпей-ақ 2-3 ай еркін өмір сүре алам» - деп түйіндеді ол.

Дерекқор: inform.kz

16 наурыз 2012, 09:05

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.