Атырау, 27 қараша 22:06
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +1
$ 498.55
€ 524.28
₽ 4.75

Ақыл - дария, ой – теңiз

6 636 просмотра

Өткен дүйсенбі күнгіні бүге-шүгесіне дейін  есіңізге түсіре аласыз ба? Супермаркетке кіргеніңізде жоспарлаған нәрселеріңіздің бәрін сатып аласыз ба? Есте сақтау  қабілетіңізге сенім артпай алдағы күннің атқарар ісін қағазға жазып алуыңызға тура келе ме? Адамдар өз өмірінде көп ақпараттар алады, алайда, оның біраз бөлігін ұмытып қалып жатады.

 

Дина БАЙТЕМІРОВА, бұрын ағылшын тілінен сабақ берген ұстаз, пайдасыз есте сақтау қабілетімен не істеуге болады деген  мәселені зерттеуге 4 жылын жоғалтты. Бұл уақыт аралығында ол көптеген ақпараттар жинақтады және Мәскеуден есте сақтау қабілетін дамыту және тез оқу орталығынан оқып келді. Бүгінгі күндері ол өз оқыту курстарын жүргізуде. Оның сабағына балалар да, ересектер де қатысады.

 

ЕГЕУҚҰЙРЫҚ ЖӘНЕ  БИССЕКТРИСА ТУРАЛЫ

– Өз балаларын алып келген көптеген ата-аналар  олардың сабақ үлгерімдерінің нашарлығына және есте сақтау қабілеттерінің төмендігіне шағымданады. Содан келіп «қайталау - оқу анасы» деген принцип бойынша репетитормен жұмыс істеу басталады. Іс жүзінде балаға арнаулы жаттығулардың көмегімен есте сақтау қабілетін жаттықтыру керек, міне, сонда ғана оған өлеңдер мен тарихи даталарды зудыратып жаттап алуға тура келмейді және шет тілдерін  меңгеру де барынша тез, әрі оңайға түседі, - дейді Дина Байтемірова.  – Жаттығулар жеңіл ойын түрінде беріледі және ол көрнекі түрде бейнелеп өткізуге негізделген. Мәселен, айталық, «теңіз» - бұл жай ғана  шексіз кеңістік емес, ол толқынның шуылы, шағалалардың дауысы, жеңіл тұзды теңіз суының иісі. Міне, осы бейнелі көрнекілік арқасында адам бір сәт есте сақтап, бір демде 25 сөзге дейін айта алады және бұл оның шегі де  емес.

Ұстаздың айтуынша, бейнелеп есте сақтау әдісі мектеп оқушысын қиын теоремаларды, математикалық формулаларды жаттаудан құтқарады:

-Баршаға таныс мысал:  биссектриса – айталық, ол бұрыш-бұрышқа жүгіріп жүретін егеуқұйрық... Ал, сен биссектрисаның бұрышты теңге бөлетіндігін енді ұмытпайтын боласың. Немесе баршаға таныс түстердің жиілілігін жаттауға көмектесетін мына бір фразаны алайық: Әрбір аңшы қырғауылдың қайда отырғанын білуді қалайды. Ал, астрономдар болса, мәселен, біздің күн жүйесінің планеталар (Меркурий, Венера, Жер,  Марс, Юпитер, Сатурн, Уран, Нептун, Плутон)  тәртібін мына фразаның көмегімен есте сақтайды:  «Теңіз қасқыры бақытсыз жасөспірімді жалықтырып жас Юнганы қинады». Кез-келген қызықсыз формуладан әдемі әңгіме құрастырып  шығаруға болдады. Түсініксіз нәрселер түсінікті болады және олар басыңыздан ешқашан шықпайды.  

- Неліктен біздің әрбір күніміз бір-біріне ұқсас болып келеді? Кешкі ас үстінде біз кейде неліктен екені белгісіз түскі аста не болғанын еске түсіре алмай жатамыз? Мұндай жайт сізге таныс болар?

– Алысқа бармай-ақ қоялық. Таңертеңгілік автобуста кетіп бара жатқан адамдарға назар аударыңыздар.  Олар өз-өздерімен ойға шомып келе жатыр, айналасында не болып жатқанымен  шаруасы жоқ. Ал, өткен күн «тұманды» болып қалады. Ал, бұл жерде қазір де болуыңыз тиіс. Автобуста адамдардың киіміне, бет-жүзіне, олардың қимылдарына назар салуға тырысып көріңіз. Ал, кешке таңертеңгілік көз алдыңыздан өткен көріністі жәйлап еске түсіріңіз. Мұндай қиындығы жоқ жаттығулар біздің есте сақтау қабілетіміз үшін жақсы жаттығу болып табылады.

Менің әңгімелесушім тағы да адам миын жаңартуға көмектесетін біраз құпиялармен бөлісті.

 

ТӨБЕ ШАШЫ ТІК ТҰРДЫ

Бізге бір таза парақ, екі қалам және кез-келген мәтін керек болады. Қаламды оң қолымызға да, сол қолымызға да аламыз және мәтінді былайша көшіре бастаймыз: бірінші сөзді сол қолмен, екіншісін оң қолымызбен, үшіншісін тағы да сол қолымызбен, сөйтіп жалғастыра жазып шығамыз. Басты шарт - екі қолмен бірдей жазу керек.

– Бастапқыда жаттығу қиын сияқты болып көрінеді, ми үшін күш түскендей болады, әсерлей айтқанда, төбе шашың тік тұрады. Алайда, бір-екі күннен соң бәрі үйлесе бастайды. Бұл  жаттығу өте маңызды. Біз бір уақытта түрлі нәрсе істейтін болсақ, бізде мидың жарты шарларының арасында нейронды байланыс пайда болады және есте сақтау қабілетіміз бір есеге дейін артады. Дәл осы жаттығуды он минут ішінде күн сайын орындайтын болсақ, онда бір айдан соң есте сақтау қабілетінің көлемі екі есеге артатындығы дәлелденген. Әрбір өткен күн көз алдыңызда сақталып қалады және кез-келген оқиғаны еш қиындықсыз еске түсіре аласыз. Ал, егер бұл жаттығуды одан әрі жалғастыра беретін болсаңыз, онда жадыңызды он есеге дейін арттыра аласыз.  

 

ЕСІККЕ ЖАҒЫЛҒАН МАЙ, ДИВАНҒА ТӨГІЛГЕН СҮТ

Дүкенге кірмес бұрын сатып алатын заттардың тізімін жасау міндетті емес. Қарапайым, бірақ ұтымды Локи әдісін (сондай-ақ, «орын әдісін») қолданған жеткілікті. Алдымен өз пәтеріңіздің біріндегі бөлме ішімен жүріп, жолыңызда кездескен әр жиһаз бұйымын нөмірлеу керек. Осы тізімді еске сақтаңыз. Бұл өзіңізге жақсы таныс жер болғандықтан, сізге қиынға соқпайды. Орташа алғанда жиырма сөз-тармаққа дейін тұруы мүмкін. Бұлар мүлдем басқа сөздерді еске сақтау үшін қолданылатын негізгі, басты сөздер. Сізде «есік, үстел, шкаф, диван» деген секілді сөздер пайда болды делік, ал сізге дүкеннен: «сары май, картоп, нан, сүт» сатып алу қажет болады.

Әрі қарай әр өнімді негізгі тізімдегі бұйыммен (жиһаз бұйымымен) байланыстырып, мұны әсерлеп көз алдымызға елестетуге тырысайық. Есікке жағылған сары май, үстел үстінде шашылған картоп, нанға лық толған шкаф, сүт төгілген диван... Ал дүкенге барғанда осы көріністерді еске түсірсек, керек нәрсемізді сөреден алуға ұмытпаймыз.

 

БҰЛ МЕНІҢ БАСЫМНАН ӨТТІ МЕ, ЖОҚ ПА?

Американдық «Вечное сияние чистого разума» деген фильмде адамды белгілі бір естеліктен арылтатын машина көрсетілді. Бірақ бұл қиял-ғажайып қана. Миды қажетсіз ақпараттан өзімізге тазартуға тура келеді. Ол үшін бірқатар оңай тәсілдер де бар.

Адам қолайсыздық сезінген жағымсыз жағдайды өткергенде, болып жатқан жағдайға сырт көзбен қарауға тырысу керек, - дейді Дина Байтемірова. – Болып жатқан нәрсе басқа өмірдегі немесе фильмдегі оқиға ретінде көрінеді. Шеткеріден бақылаймыз да, содан кейін бәрін ұмытамыз.

Тағы бір әдіс. Ой арқылы қандай ма болмасын жағымсыз оқиғаны ашық бояумен бояймыз. Қажетсіз даталарды, телефондарды және бізге керек емес кез-келген басқа бейнелерді майшам жалынымен өртейміз. Теңіз жағалауын елестетіп, құмға шыбықпен ұмыту керек нәрсені жазуға болады. Толқын соққан кезде, жазуды шайып кетеді... Ұмыта білу - еске сақтай білу секілді маңызды. Ми қажетсіз әсерлер мен деректерден арылып, жаңа ақпаратты қабылдауға дайын болуы тиіс. Мұнда ескі ақпарат ізім-ғайым жоғалып кетпейді, бірақ белсенді түрінен селқос жадыға ауысады. Ол жерден қажет болған жағдайда шығарып алуға болады.

 

Еске сақтаудың екі түрі болады – қысқа мерзімді немесе жедел және ұзақ мерзімді. Студенттер сессия кезінде бір түн ішінде өз жадыларына көп мәліметтерді сыйғызудың ретін таба біледі, ал емтиханнан кейін мұның бәрі жадыдан ғайып болады. Кәріліктен ұмытшақ болып кеткен адамдар көп жыл бұрынғы оқиғаларды егжей-тегжейіне дейін естерінде сақтайды, бірақ жарты сағат бұрын болған нәрсені естеріне түсіре алмайды.

Ғалымдардың пікірінше, шарананың жадысы ұрықтанғаннан кейін 20 аптадан соң жұмыс істей бастайды екен. Анасының құрсағы арқылы жасалған тестілеу кезінде шарана ести алатын дыбыс сигналы жіберіледі. Содан кейін ультрадыбыс сканнерінің көмегімен реакцияға тексеру жүргізілген. Сөйтсе шарананың шуға елеңдейтіні анықталыпты. Рас, бесінші сигналдан кейін ол қайталанған дыбысқа «үйреніп», оған елең етпейтін болған. Сигналды 10 минуттан кейін, тіпті бір тәуліктен кейін қайталап жібергенде, шарана таныс дыбысты еш қиындықсыз таныған.  Ғалымдар адам жалпы ана құрсағында болған нәрселердің барлығын есіне түсіре алады деп есептейді.

Зерттеулердің көпшілігі адамның есте сақтау қабілеті 20-25 жасқа дейін жақсарып, содан соң 40-45 жасқа дейін бір деңгейде тұрақталып, 50 жаста анағұрлым зеректікпен ерекшеленіп, содан кейін біртіндеп өше бастайтынын дәлелдеген.

15 наурыз 2012, 16:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.