Қалалық әкімдіктің баспасөз қызметі хабарлағандай, Нұрлан ЕРҒАЛИЕВТІҢ орнына Атырау қаласы әкімі аппаратының жаңа жетекшісі болып Ермек ДАЛАБАЕВ тағайындалды.
Ол 1981 жылы дүниеге келген, Атырау жылжымайтын мүлік орталығында жұмыс жасады, кейін әділет департаментінде бөлім бастығы болды. Атырау облысы әкімі аппаратында мемлекеттік-құқықтық бөлім меңгерушісі, ал, 2011 жылдың наурызынан бастап Жылыой ауданы әкімінің әлеуметтік мәселелер жөніндегі орынбасары болып келді.
Қала әкімі аппаратының бұрынғы жетекшісі Н.Ерғалиев облыстық мәдениет басқармасының бастығы болып тағайындалды.
Бұдан басқа, Бақтыбай ДҮЗЕЛБАЕВ қаланың бас сәулетшісі лауазымдық қызметінен босады, бас сәулетшінің міндетін уақытша оның орынбасары Сләмғали СМАҒҰЛОВ атқарып отыр. «Атырау Басжоспар» ЖШС-нің жаңа директоры Берік ҚОНДЫБАЕВ болды.
Лаура СҮЛЕЙМЕНОВА