Кешікпей Қазақстанда көктемгі әскер қатарына шақыру басталады. Болашақ сарбаздар психологиялық сынақтан өтіп жатыр.
- Психологиялық тексеру аудандық және қалалық әскери комиссариаттар деңгейінде басталады, - дейді Атырау облыстық қорғаныс істері жөніндегі департаменттің аға әскери маманы (психолог) Толқын ҚАЙЫРОВА. – Психологтар әр шақырушының жеке ісін зерттеп, олардың өздерімен және оның туысқандарымен әңгімелеседі. Содан кейін оған тест беріледі.
Әскер қатарына шақырылғандарға арналған психологиялық тестілерді қорғаныс министрлігі жасақтаған, ол шамамен жүз сұрақтан тұрады.
- Бұл тестілер әскер қатарына шақырылушының жүйке-психологиялық тұрақтылық деңгейін, моралдық төзімділігін және әскери борышын өтеуге дайындығын анықтауға мүмкіндік береді, - деп түсіндіреді Т. Қайырова. – Ал жалпы осы тестілеудің нәтижесі әскери комиссариатқа тізімге алынған күнінен бастап әскер қатарынан босағанша әскерге шақырылушының психологиялық жай-күйіне бақылау жасауға мүмкіндік береді. Қазір барлық әскери бөлімшелерде психологтар бар.
Тамара СУХОМЛИНОВА