Атырау, 27 желтоқсан 00:13
 бұлттыВ Атырау -3
$ 515.25
€ 535.91
₽ 5.18

Қарызың болса, кәрізің жабық

2 006 просмотра

12 наурызда болған қалалық әкімдіктегі жиналыста «Атырау Су Арнасы» КМК борышкерлермен күресудің қатаң тәсілін ұсынды.

 

УНИТАЗҒА АРНАЛҒАН БЛОКИРАТОР

«АСА» директоры Серік ЖҰМАШБАЕВТЫҢ (суретте)айтуынша, жыл басындағы дебиторлық бережақ заңды тұлғалар бойынша 24,7 млн теңгеден астам және жеке тұлғалар бойынша 14,7 млн теңгеден астам соманы құраған. Сотқа заңды тұлғаларға қатысты 9 млн теңгеден астам сомаға 4 талап арыз және жеке тұлғаларға қатысты109 талап-арыз жолданды.

Тұрғын үйлердегі борышкерлерге Жұмашбаев өзінің астаналық әріптестері ретінде әрекет етуді ұсынып, үгіт ролигін көрсетті. Онда коммуналдық қызметкерлер арнайы құрылғының көмегімен борышкер пәтерінің деңгейіндегі канализациялық стоякты жауып тастайды екен. Әрине, содан соң барлық канализациялық ағын сулар кері пәтерге құйылады. Ал тұрғынға бережағын өтеуден басқа амал қалмайды.

Мұндай блокираторлар қазір Ресейде кеңінен қолданылады. Иә, бұл арзан жабдық емес, біз оны сатып алу туралы енді ғана ұсыныс енгізіп жатырмыз. Бізде қарызды қайтаратын басқа тиімді тетік жоқ, - деп хабарлады кеңестен кейін «АСА»-ның экономика жөніндегі директордың орынбасары Розалия МАНЫШЕВА.

Бүгінде  «Атырау Жарық» халықтан төлемдер жинау жөнінде үздік нәтижелерге қол жеткізген. Олар бережақ туындаған жағдайда тұтынушының жарығын бірден ажыратып тастайды.

Термомодернизациялау барысында біз подъезд қалқандарын енді ғана ретке келтірдік. Ал енді сіздердің адамдарыңыз келіп біздің қалқандарымызды қайтадан бүлдіріп жатыр, борышкерлердің жарықтарын қиып, сым үзіктерін қалдырып кетеді. Сіздер жарықты үйге кірер ауызға дейін жеткізуге міндеттісіздер, ПИК мүлігіне нұқсан келтіруге қақыларыңыз жоқ, - деді «Ануар-Авангард» ПИК-інің төрайымы Людмила ШАРОВАТОВА мен ПИК қауымдастығының төрайымы Гүлнар САЛИХОВА «Энерго сату» ЖШС директорының орынбасары Тұрлан ДОЩАТОВҚА бастырмалатып.

Дощатов үнсіз ғана иығын көтерді.

 

ОРТАҚ ӨГІЗДЕН - ОҢАША БҰЗАУ

Қала әкімі Асқар КЕРІМОВДощатовтан тұтынушылардан алым жинау механизмі туралы біраз сұрастырды. Бірнеше минуттан кейін әкімнің не үшін сұрағаны белгілі болды:

– ПИК пен Арнаулы автобаза қызметтерін төлеуге қатысты мәселе нашар боп отыр. Ал егер сіздің (Энерго сатудың) шотқа басқа барлық қызмет көрсетушілердің шоттарын енгізсе қалай болады? Басқа қалаларда осылай істейді. Бұл қызмет көрсетушілерге де, тұтынушыларға да қолайлы: бәрін бір жерден (Энерго сату өкіліне) төлеуге болады. Сіздерде бағдарлама мен бақылаушы кадрлар бар. Сіздер өз шығындарыңызды «Атырау Жарық» тарифіне енгізесіздер ғой, біз де сіздердің қызметтеріңіз үшін төлейтін боламыз.  

«Энерго сату» өкілі, бізге артық проблемалардың қажеті қанша дегендей, бастапқыда бас тартты. Ал содан кейін әкім сөзін аяқтағаннан кейін ойлануға уәде берді.

Гүлнар Салихованың айтуынша, бірнеше жыл бұрын осындай механизм іске қосылған. Алайда бірер айдан кейін коммуналдық қызметкерлер арасындағы (борышкерлердің ақшаларын бірінші боп алуға таласып) келіспеушіліктің салдарынан тәжірибені тоқтатып тастапты.

 

НҰРСАЯДАҒЫ СТАНСАНЫ АЖЫРАТЫП ТАСТАҒАН

– Жаңа Нұрсая ықшам ауданында «Энерго сату» бережақ үшін канализациялық-сорғы стансасы мен қазандықтағы жарықты ажыратып тастады.Кешікпей көп қабатты жаңа үйлердің бірінші қабаттарына канализациялық қалдықтар құйылады. Мен АСА-ға хабарластым, олар тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөліміне меңзейді, ал олар – мердігерлерге сілтейді. Айналып келгенде тұрғындар жапа шегеді, - деді наразы болған «Қаладағы тұрғын үйлерге коммуналдық қызмет көрсету» ЖШС директоры Сайлау ҚҰРМАШ.

Дощатов канализациялық-сорғы стансасының оларға 7 млн теңге бережақ болғанын, ал оны төлеуді ешкім ойына алмайтынын растады. «Азия-Маркет» мердігер компаниясының өкілі, қарашада нысанның тапсырылып, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімінің балансына берілгенін мәлімдеді. Алайда қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімінің бастығы Жұмабай ҚАРАҒАЕВ нысанның әлі күнге дейін қабылданбағанын айтып, қарсылық білдірді.

Жұмашбаев бір кездері 8 үйге есептелген осы стансаның қуаттылығы бүгінде қарқынды түрде салынып жатқан тұрғын ықшам аудан үшін жеткіліксіз екенін хабарлады. Қосымша сорғыларды орнату қажет.

– Бүгін стансаны қосыңыз, - деп өтінді Керімов «Энерго сатудан».- Ал біз бірер күн ішінде төлемге қатысты, сондай-ақ, станса үшін қосымша қуаттылық мәселесін де шешетін боламыз. Қанша дегенмен, ол жерде 30 үй бар ғой және әлі де салынып жатыр.

Осы кеңесте Жұмашбаев орталық канализацияға қосылған барлық мейрамхана, кафе және мейманхана қожайындарына өздеріне майтұтқылар орнатуды ұсынды.

Лаура СҮЛЕЙМЕНОВА

15 наурыз 2012, 15:42

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.