Атырау, 24 қараша 04:40
 ашықВ Атырау +1
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Қожайын қайда жүр?

1 931 просмотра

Индербордағы Майдыров көшесінің тұрғыны Разия СМАҒҰЛОВА өздері тұратын 80 пәтерлік үйдің коммуналдық қызметі сын көтермейтінін жеткізді. 

Бұл үйдің жылуы біраз уақыт болмай, жақында ғана қосылған. Жылудың болмауынан су мен канализация құбыры қатып қалған.

-Ауыз суды үйдің төменгі қабатынан крант шығарып қойып, содан тасудамыз. Оның өзі сағатпен беріледі,-дейді Р. Смағұлова.

Бұл үйдің төменгі қабатын 1996 жылы бір атыраулық сатып алған. Бастапқыда қожайын бұл үйге иелік танытқанымен, бүгінде бой көрсетуден қалыпты. Айналғанда тұрғындар бірінші қабаттың иесіз қалуынан зардап шегіп отыр. ПИК құрылмаған.

- Бұл үйдің төменгі қабатын сатып алушыны іздестіріп жатырмыз, ол бұрынғы мекен - жайында жоқ болып шықты. Қалай еткенде де үй иесін табуға жұмыстанамыз. Қазір бірінші қабаттың алқа-салқа болуынан жылу қатып қалды. Күн жылына жертөлені тазарту жүреді. Тұрғындарға су қазір водовозбен жеткізілуде,-дейді Индер ауданы әкімінің орынбасары Бауыржан ИМАНҒАЗИЕВ.

Ләззат ҚАРАЖАНОВА

14 наурыз 2012, 17:50

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.