Индер ауданының бірқатар ауыл, елді мекендері жол қатынасының қиындығына тағы тап болып отыр.
6 наурыздағы бұрқасыннан аудандағы Аққала, Бөдене, Жарсуат, Құрылыс, Есбол ауылдарына жету мұңға айналды. Ауылдардағы көше толы қарлар әлі күрелген жоқ. Бұған тұрғындар қатты алаңдаулы, егер қар жаппай еритін болса, үйлер суға кетуі ғажап емес.
-Ауданға облыстан оншақты техника келген, қосымша тағы болады деп отырмыз. Қар басқан ауылдардың жолын аршу үшін техникалар жіберілді,-дейді аудандық тұрғын үй-коммуналдық, шаруашылық бөлімі бастығының міндетін атқарушы Орынғали ХАСАНОВ.
Ләззат ҚАРАЖАНОВА