Атырау, 24 қараша 04:41
 ашықВ Атырау +1
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Қағазбастылық қалыс қалуда

2 101 просмотра

Кәсіпкерлер мұнай өнімдеріне ілеспе жүкқұжаттарын енді салық органдары үшін қағаз түрінде рәсімдемейтін болды,  оны интернет арқылы жібереді.

Бұрынғы қолданылып жүргенережелер бойыншабизнесмендер мұнай өнімдеріне ілеспе жүкқұжаттарының арнаулы банкаларында ілеспе жүкқұжаттарын рәсімдеді және 3 жұмыс күні ішінде салық органдарына ұсынуға тиісті болды. Бұл жағдайда мұнай өнімдеріне ілеспе жүкқұжаттарының бланкісін тапсырысқа берудің өзі жай үдеріс емес. Ол қатаң есептілік бланкісі болып есептелді және Алматыдағы банкноттық фабрикада алдын-ала тапсырыс беру  (60 күн бұрын) арқылы дайындалды. Ілеспе құжаттардың өз уақытында ұсынылмағаны үшін көп көлемді айыппұлдар да қарастырылды.

– Енді мұнай өнімдеріне ілеспе жүкқұжаттары электронды түрде рәсімделеді. Енді құжаттарды алушылар салық органдарына құжат толтырылған күннен бастап 25 күнтізбелік күн ішінде ұсынылады, -дейді Атырау облысы бойынша салық департаментінің жанама салықтарды әкімшілендіру басқармасының бастығы Батырбек ЮСУПОВ.

Атырау облысында мұнай өнімдеріне ілеспе жүкқұжаттарын қолданушы 100-ден аса кәсіпорын бар.

Зульфия ИСКАЛИЕВА

14 наурыз 2012, 17:36

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.