Атырау облыстық қазақ-түрік лицейінің тағы бір 11-сынып оқушысы Ерік МАҚСОТОВ (суретте) Алматыда өткен Өмірбек Жолдасбеков атындағы механика және математика бойынша ғылыми жұмыстар жөніндегі халықаралық байқаудан 2-орынды иеленді.
Халықаралық білім бәйгесіне еліміздің әр өңірінен және шетелден келген барлығы 200 оқушы қатысқан. Байқау Алматы қаласында өтті.
Ерік бұл байқауға көп дайындалды. Оның ғылыми жұмысы қолданбалы математика пәніне бағытталды және «Доказательство неравенств при помощи свойств одномонотонных последовательности» деп аталды.
- Менің ғылыми жұмысымдағы жаңалық – есептегі теңсіз-діктердің шешімін ойлап тапқаным болды. Байқауда қазылық еткен комиссия да осы жаңалығым үшін жүлделі орын бергендерін атап өтті. Мен ғылыми жетекшім – Дарын ШАБДИРОВ ағайыма ризашылығымды білдіремін. Бұл кісі Атырау мұнай және газ институтында оқытушылық қызмет атқарады. Бізде лицейде қолданбалы математика пәні жүрмейді. Тек Дарын ағай секілді өзге де ұстаздарға ұсыныс тастап, қосымша сабақтарға жазылып тұрамыз,- дейді Ерік.
Ерік те инженер маманы атануды көздейді. Халықаралық байқау оған еліміздегі мемлекеттік жоғары оқу орындарының біріне грантпен оқуға түсуге мүмкіндік беріп отыр.
Айнұр САПАРОВА