Атырау, 9 желтоқсан 22:42
 ашықВ Атырау -7
$ 514.65
€ 544.60
₽ 5.17

Арманның асқар асуы

2 676 просмотра

Жуырда Атырау облыстық қазақ-түрік лицейінің 11-сынып оқушысы Арман ӘБДІҒАЛИЕВ (суретте) «Түлек-2012» атты республикалық олимпиаданың жеңімпазы атанып, Англияның Бэлфест қаласының (Солтүстік Ирландия) Квин университетінде бір жыл тегін оқуға жолдама алды.

- «StudyInn» ЖШС компаниясы INTO University Partnerships-пен бірге 2008 жылдан бері Қазақстандағы жастардың ағылшын тіліндегі білімін сынауға бағытталған «Түлек» олимпиадасын өткізіп келеді. Және бұл оқушыларды шетелдегі университеттерге тегін оқу мүмкіндігін ұсыну болып табылады, - дейді «StudyInn» ЖШС компаниясының бағдарламалар жөніндегі менеджері Айна БАҒЫТЖАНОВА.

«Түлек-2012» олимпиадасы қазан айында басталып, наурыз айының басында аяқталды. Оған еліміздің әр облысынан мектепті биыл бітіретін 2 300 оқушы қатысуға тілек білдірген. Үшінші турға тек 40 оқушы шықты. Олармен Алматыда ҚР Білім және ғылым министрлігі, Queen’s University Belfast, University of South Florida, Newcastle University, Study Inn-ның өкілдерінен құралған комиссия сұхбаттасып, тіл білімдерін тікелей байқаған.

 Айнұр САПАРОВА

Суретті түсірген автор

14 наурыз 2012, 17:16

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.