Атырау, 23 қараша 23:16
 ашықВ Атырау +1
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Жұмыс беріңдер

4 128 просмотра

Қалалық жұмыспен қамту орталығында бос орындар жәрмеңкесі өтті. 12 наурызда аталмыш жәрмеңке өткен Авангардтағы қалалық жұмыспен қамту орталығын жұмыссыздар тобы қаумалап алды. Бұл жолы АМӨЗ-де хош иісті көмірсутек өндіру кешенін салып жатқан «Синопек-Инжиниринг» ЖШС, «Сичим» компаниясы және басқа жұмыс берушілер өздеріне кадрлар іріктеді.

КІРЕ БЕРІСТЕ

Өткен жәрмеңкелердің тәжірибесінен сабақ алған полицейлер Орталық ғимаратына кірер ауызды металл қоршаумен қоршап тастады. Қоршаудан қалың топ анталап тұрды. Әлсін-әлі ғимараттан қызметкер шығып, бос орындарды жар салып айтады. Сол кезде шу көтеріліп, жақын маңда тұрғандар өз түйіндемелерін ұсынып, ал әрігірек тұрғандар қағаздарын бұлғаңдатып жоғары көтеріп тұрды. Ғимаратқа 10 адамнан кіргізіп тұрған қоршаудың оң жақ қанатында әлсін-әлі жанжал шығып қалады. Адамдар ішке ентелеп, ал полицейлер оларды ұстап қалуға тырысып жатыр. Біз фототілшімен екеуміз топ арасынан ішке қарай әзер өттік.

 

«СИЧИМДЕ» 500 ОРЫН

Ғимараттың ішіндегі екі холлда орналасқан үстел басында жұмыс берушілер түйіндемелерді қабылдап,  алғашқы сұхбаттасуды жүргізіп жатты. Адамдар өз түйіндемелерін бос орындар тізіміне назар аудармастан, жұмыс берушілерге тықпалауға тырысып бағуда.

– Сіз тұрба монтаждаушы емессіз ғой, ал бізге солар керек, - деп байқап қалды «Сичим» компаниясының кадрлар жөніндегі үйлестірушісі Марина ЖҰМАҒАЛИЕВА, ер адамдардың біріне түйіндемесін қайтарып жатып. Оның айтуынша, жақында компания ТШО зауытында күрделі жөндеу жүргізу үшін тендер ұтып алған екен. Енді 5-6 разрядты тұрба монтаждаушылар, аргонды-доғалы дәнекерлеушілер, тұрба монтаждау жұмыстары бойынша учаске бастықтары мен дәнекерлеу жұмыстарының сапасын бақылау инспекторлары – барлығы 500-ден астам адам шұғыл арада қажет боп жатқан көрінеді. «Сичим» өкілі жалақы мөлшерін айтқан жоқ, бірақ облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының қызметкерлері растап отырғандай, аталмыш мамандықтың жұмысшылары бір вахтада 200-250 мың теңгеден алады екен.

 

ҚЫТАЙЛЫҚПЕН ШҮЛДІРЛЕСУ

Соның қасында отандық компаниялар түйіндемелер қабылдап жатты. Бірақ жалақының 45 мың теңге екенін естіген жұмыссыздар, бұрылып кетіп, екінші залға «Синопек-Инжинирингтің» ұзын үстеліне қарай бет алды. Қытайлықтар мен олардың аудармашылары үстел жанына жайғасқан үміткерлерге қазымырланып сұрақтар қояды. Қытайлық тараптағы аудармашылар орыс тілін нашар білетін болуы керек, ал қазақ тілінде техникалық терминдердің қиындығынан түсінбестік туындаған секілді. Аудармашылар қазақ жастары мен Қытай қыздары болуы керек, сірә. Қысылтаяң жағдайда олар ымдап, қолдарын сермелеп айтуға кірісіп, ал біздің жұмысшылар маңдайын кіржитіп, олардың не талап етіп отырғандарын түсінуге тырысты.

– Меніңше, біз бір-бірімізді дұрыс түсінбеген сияқтымыз, - деп абыржиды Рафик АННИКОВ. – Мен оларға тұрба монтаждаушының міндетіне әрі қарай дәнекерлеу үшін тұрбаны дайындау кіреді деп түсіндірсем, ал олар бұл жұмыстың барлығын дәнекерлеуші жасауға тиіс деп есептейді. Шамасы бұл жерде прорабтар отырған секілді. Ал егер шеберлер болса істің мән-жайын түсінер еді. Ақыр аяғында олар түрлі жұмыстар жасауға келісем бе, жоқ па, соны сұрады. Мен келістім. Фамилиямды жазып алып, қоңырау шалатындықтарын айтты... 

Аргон дәнекерлеуші Мейрамбек ҚАБДЕШЕВТІҢ айтуынша, оған дәнекерлеу техникасы бойынша көп сұрақтар қойған:

- Мен бәріне жауап бердім. Бірақ маған ештеңеге уәде берген жоқ. Қайталама тестілеуге шақыратындықтарын айтты. Егер өтпей қалсам, түрлі жұмыстарға алмақ. Тек қанша төлейтінін айтпай отыр. Бәрінен сұрап  шықтым, ешқайсысы жауап берген жоқ.

ЖАЛАҚЫ КЕЛІСІМ-ШАРТТАН КЕЙІН

«Синопек» компаниясының мемлекеттік органдармен және жұртшылықпен байланыс жөніндегі үйлестірушісі Досжан МЕҢДІГЕРЕЕВТІҢ (суретте) айтуынша, жәрмеңке жұмыс берушімен облыстық әкімдік арасында  қол қойылған Қарабатаннанбосағанқазақстандық қызметкерлерді жұмыспен қамту меморандум аясында ұйымдастырылған екен.

– Сіздердің хабарландыруларыңызда үміткерлерден қытай тілін білу талап етілген. Бұл өзі ақылға қонымды ма?

– Бұл қателік болды. Біз ондай талап қоюға құқылы емеспіз. Қытай және ағылшын тілін білгені, әрине,  артықтық етпейді.

- Егер әңгіме жақсы маман туралы болса, онда аудармашылар арқылы жұмыс істейтін боламыз.

– Сіздерде олардың саны қанша?

– Қазір бесеу және алға қарай тағы да төртеуін алмақ ойымыз бар. Жұмыс көлемі артып келеді, біз жыл аяғына дейін 150-ден астам қызметкерді жұмысқа алуға тиіспіз. Осы жәрмеңкеде 50-дей инженер-құрылысшыларды, құрал-жабдықтар жөніндегі инженерлер мен металл конструкциясы жөніндегі инженерлерді жұмысқа алуды жоспарлап отырмыз. Бұдан басқа бізге стропальщиктер, жұмысшылар, жүргізушілер керек. Бұл шетелдік компания болғандықтан оларда жалақы деңгейі алдын ала көрсетілмейді.

– Таңдау барысында жергілікті мамандарға артықшылық бола ма?

– Иә, бірінші кезекте Атырау облысының тұрғындарын жұмысқа қабылдайтын боламыз. Алайда, жергілікті еңбек нарығында қажетті деген мамандар табылмаса, онда аймақтан тыс жерлерден іздестіретін боламыз.

 

50 ЖАСТАҒЫЛАР ЖАРАМСЫЗ

Жәрмеңке қызған тұста бізге қарай 45-50 жас шамасындағы екі ер адам  жақындады. Олардың айтуынша, оларды жас шамаларына қарай жұмысқа қабылдаудан бас тартқан.

- Олардың бұлай  етуге қандай құқығы бар? Біздің  еңбек тәжірибеміз мол.  Ал, ағаш монтаждаушы болып бірнеше жыл жұмыс істеген маған төменге құлап кетуіңіз мүмкін деп мәлімдеді! – дейді реніш білдіргендердің бірі

Облыстық әлеуметтік бағдарламалар және жұмыспен қамтуды үйлестіру басқармасы бастығының орынбасары Гүлмира ШАКИРОВА сол жерде-ақжұмысшылардан бас тарту себептерін анықтай бастады.

«Синопек» компаниясының кадрлар бөлімінің маманы Ли ГУОТАЙ өзінің қол астындағыларымен кеңесе отырып, бұл екі үміткердің өтінішін тағы бір рет қарап көруге уәде етті.

Дегенмен, дүрбелең бәсеңдей қоймады. Жұмысшыларды қабылдау үстелі тұсынан адамдар легі арыла қоймады, ал, инженерлерді қабылдауға арналған үстел үсті тіптен бос қалды.

- Бәлкім, көшеге шығып инженер-техникалық қызметкер қажет  деп жариялауымыз керек шығар!- деп дауысын көтере сөйледі «Синопек» қызметкері.

- Жоқ, тек қазір емес! – деп жауап қатты жұмыспен қамту басқармасының тәжірибелі қызметкерлері. –  Егер қазір таңдау жасап шақыратын болсақ, онда сырттағы адамдар  бәрі таныс-тамыр арқылы деп ойлап қалады. Дұрысы, келесі дүйсенбіде, 19 наурызда жәрмеңкені қалған бос жұмыс орындарын толтыру үшін қайта өткізу керек.

Лаура СҮЛЕЙМЕНОВА,

Суретті түсірген

Қанат ЕЛЕУОВ

Газет беттеліп жатқанда жұмыспен қамту басқармасынан “Синопек-Инжинирингтің” жұмысшы мамандығына 38  және қайта тестілеуге 154 адамның шақырылғанын хабарлады.

 

НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ!

Облыстық жұмыспен қамту  басқармасы жұмыссыздарды мына: Владимирский көшесі, 23Б мекен-жайы бойынша  19 наурыз күні сағат 10-да жәрмеңкеге шақырады. Өздерімен бірге түйіндемелері болуы керек. Үміткерлерді таңдау қатаң түрде көрсетілген мамандықтар бойынша жүргізілетін болады. Үміткерлерге қойылатын талаптар: 3 жылдық еңбек өтілі және кәсіби білімі болуы тиіс.

 

Бос жұмыс орындарының тізімі:

1. Ағылшын тіліндегі аудармашы– 1 адам.

2. Өрт сөндіру бөлімінің бастығы– 1

3. Дәнекерлеу жұмыстары жөніндегі инженер  – 1

4. Қоймашы– 1

5. Дәнекерлеу жұмыстары жөніндегі үйлестіруші– 1

6. Рұқсат алу жөніндегі маман– 1

7. Сәулетші– 1

8. Инженер-құрылысшы – 2

9. Болат конструкциясы жөніндегі инженер – 2

10. Инженер-сметашы – 1

11. Құрал-жабдықтар жөніндегі инженер  – 1

12. Тұрба-құбырлары жөніндегі инженер  – 2

13. Материалдық-техникалық жабдықтау жөніндегі инженер – 4

14. Инженер-электрик – 1

15. Аргонды-доғалы дәнекерлеуші  – 200

16. 5-6 разрядты технологиялық тұрба құбырларын

монтаждаушы – 300

17. Тұрба монтаждау жұмыстары жөніндегі учаске бастығы – 20

18. Дәнекерлеу жұмыстарының сапасын бақылау жөніндегі инспектор – 6

19. Техникалық қауіпсіздік жөніндегі аудармашы – 1

20. Электр-өлшеуіш құралдар жөніндегі инженер - инспектор – 10

21. Сапа жөніндегі инспектор – 4

22. Стандарттау жөніндегі маман – 1

23. Графика жөніндегі  инженер – 2

24. Сметашы – 2

25. Келісім-шарт және талап жұмыстары жөніндегі экономист – 4

26. Техникалық аудармашы (қытай тілінде) – 4.

14 наурыз 2012, 16:22

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.