Атырау, 14 қараша 06:16
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +2
$ 492.17
€ 522.39
₽ 5.00

Көрікті кешендер кереметі

4 753 просмотра

2012 жылдың аяғында әуежайға баратын жол бойында салынып жатқан монша-сауықтыру кешені мен киноконцерт залы пайдалануға берілмек.  Күннің суықтығына байланысты құрылыс қарқыны аздап бәсеңдеді, алайда тапсырыс беруші – облыстық құрылыс басқармасы – тапсыру мерзіміне бұл фактордың әсер етпейтіндігіне сенімді.

 

Киноконцерт залы

Екі нысанның да көлемі әжептәуір. Киноконцерт залының алаңы 17,3 мың шаршы метрді құрайды. Бұл диаметрі 90 метр дөңгелек пішіндегі төрт деңгейлі ғимарат. Жобада қарастырылған ғимаратқа қарағанда – бұл Атыраудың мәдени өмірінің жүрегіне айналып, тәулігіне 24 сағат жұмыс жасайтын орталық болмақ:  декоративтік-безендіру, көркем-декоративтік ізденістің молдығы қаланың мәдени жұртшылығын премьералар мен көрмелерге ағылып келуге міндеттемек. Ал 1200 орынға есептелген зал Астанадағы Президент мәдениет орталығының концерт залына сыйымдылық жағынан сәл ғана жол береді. Ондағы көрермендер орыны – 1500 орындық.

Цокольды қабатта техникалық, гардероб бөлмелері, қызметкерге арналған бөлмелер және т.б. бар. Негізгі деңгей – бірінші қабатта. Бұл жерде - вестибюль, көрермендер залы, фуршеттерге арналған зал, шеберханалар, әртістерге арналған демалыс бөлмелері, гримдеу бөлмесі, кассалар…

Екінші деңгей кинозал мен концерт залына қызмет көрсетуге арналған. Бұл жерде жарық-жобалау, дыбыс операторлық бөлмелер, фотозертхана, студиялар, дайындық жасау бөлмелері болады.

Үшінші қабатта қолданбалы өнер үйірмелеріне арналған орынжайлар, қор сақтау бөлмесі, галерея, картиналарды сақтауға арналған ғимараттар және декоративтік-безендіру шеберханалары қарастырылған.

Сфералық күмбезделген соңғы қабатта мұражай, аудитория және көрме залы орналаспақ.

Жоба құны – 3 млрд 681,3 млн теңге.

 

 

Алдымен моншаға барыңыз

Жан рахатынан тән рахатына дейін – рухани ордадан монша кешеніне дейінгі аралық жиырма метрдей қашықтықты құрайды. Алайда моншаның көлемі оған қарағанда шағын: 6 370 шаршы метр. Екі қабатты ғимарат бюджетке 840 млн теңгеге шығады.

Моншада үш – орыс, фин және түрік (хамам) бу бөлмесі болады. Әрине, жуынатын және душ бөлмесі ескерілген. Кешен сауықтыру орны болғандықтан, онда дәрігер, массажист мамандар қарастырылған. Жоба бойынша педикюр, шаштараз, кір жуу қызметтері үшін орындар бөлінген. Фотарий (емдік және профилактикалық мақсаттарда ультракүлгін сәулелермен топтық сәулелендіру жүргізуге арналған жарықпен емдеу кабинеті), бар, әрқайсысы 73 шаршы метрден екі бассейн және екінші қабатта шағын бассейн болады.

Жобада мүмкіндіктері шектеулі жандарға арналған санитарлық желілердің жеткілікті ескерілгенін атай кету керек. Соған орай ғимаратқа кіретін пандустармен қамтылатын болады.

Монша  - адам ағзасын шынықтыратын керемет тәсіл. Алайда біздің балаларымызға ыстық Атырауда аквапарк жетіспейді-ау....

Зульфия БАЙНЕКЕЕВА

14 наурыз 2012, 16:08

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.