Наурыз мерекесінде Қазақстан азаматтары 5 күн демалады.
«Наурыз мейрамын» тойлау күнін наурыздың 21-нен 23-не дейін ұзартуды қарастыратын ҚР «Мерекелері туралы» Заңындағы өзгертулерге сәйкес, биыл үш мереке күніне қоса сенбі және жексенбі күндері демалыс күні болып табылады.
Шығыс күнтізбесі бойынша Наурыз – жыл басы, ол көктемгі күн мен түннің теңелуіне сәйкес келеді. Мереке кезінде ұлттық ойындар ойналып, ат жарыстары өтеді.
Көктемнің Наурыз мейрамы жер бетіндегі ең көне және ұлы мерекелердің бірі.
Қазақстанда Наурыз мейрамы «Халықтық көктем мерекесі – «Наурыз мейрамы» туралы» Қазақ ССР Президентінің Жарлығынан кейін 1991 жылдың 15 наурызында ресми мойындалды.