Атырау, 24 қараша 04:17
 ашықВ Атырау +1
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Атырау облысындағы ауа райы жаңа «тосын сый» дайындауда

11 319 просмотра

Атырау облысында сәрсенбі, 14 наурыз жауын-шашын болып, күшті жел болатыны туралы ескерту жасалды.

Аймақтың ТЖ бойынша департаменті түнде ауаның температурасы 10 градустан төмендеп, кейбір жерлерде жауын-шашын, секундына 22 метрге дейін соғатын дауылды жел болатынын болжамдайды.

Бұл Атырау облысындағы биылғы ауа райының бірінші «сыйлығы» емес. Қаңтар және ақпан айларында аймақта қардың екі жылдық нормасы түскен, қатты аяз болып, борандар соққан. Жалпы нормадан ауытқыған ауа райы наурыз айында да орын алуда. Облыстың бүкіл аумағында қаңтар және ақпан айларында болмаған қар наурызда жауды. Жайық өзенінде 8-10 наурызға қарай сең жүрді.  Биылғы жылы мұздың қалыңдығы бір метрге жақындап қалды, еруі күтіліп отырған жоқ. Алдағы түні күтіліп отырған аяз бен дауылды жел де аймақ үшін жалпы нормадан ауытқыған ауа райы болып табылады.

http://www.inform.kz/kaz/article/2448024

13 наурыз 2012, 22:32

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.