Атырау, 9 қараша 03:07
 бұлттыВ Атырау +1
$ 491.71
€ 529.97
₽ 5.05

Ең жоғары жалақы Атырау, ең төменгі жалақы Солтүстік Қазақстан облысында

3 692 просмотра

АСТАНА. 11 наурыз. -  2012 жылғы қаңтар айындағы бір қызметкердің орташа айлық жалақысы 92191 теңгені құрады және бұл өткен жылғы тиісті аймен салыстырғанда 19,0 пайызға, нақты көріністе 12,4 пайызға өсті. Бұл туралы ҚР Статистика агенттігінің баспасөз қызметінен хабарланды.

Агенттік мәліметтеріне сүйенсек, салалық құрылымда жалақының ең үлкен мөлшері кәсіби, ғылыми және техникалық қызметте - 176,1 мың теңге (орташа республикалық деңгейден 1,9 есеге асады), қаржы және сақтандыру қызметінде - 172,4 мың теңге (1,9 есе), кен өндіру өнеркәсібі және карьерлерді қазуда 164,9 мың теңге (1,8 есе) сақталуда. Ал ең төменгі жалақы ауыл, орман және балық шаруашылығындағы қызметкерлерде белгіленді. Ол  - 42,0 мың теңге болып отыр. Бұл ел бойынша орта көрсеткіштен 54,5 пайызға төмен.

Сонымен қатар, өңірлік бөліністе ең жоғары жалақы Атырау облысында белгіленіп, бұл 171,6 мың теңгені құрады. Аталған көрсеткіш орташа республикалық көрсеткіштен 1,9 есеге асады. Солтүстік Қазақстан облысында мұның шамасы 64,0 мың теңгені құрады және бұл ел бойынша орташа деңгейден 30,6 пайызға төмен.

11 наурыз 2012, 22:31

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.