АСТАНА. 11 наурыз. Грек археологтары Тасос деген аралдан әйгілі македондық Александрдың қорымын тапқандықтарын жария етті. Сонымен қатар, онда Өсиеттер қобдишасы да табылған, деп хабарлайды Утро.ру сайты.
Зерттеу тобының басшысы Николаос Кумардзистің айтуынша, бұл тарихи жәдігерлер бір топ әуесқой археологтардың стихиялық түрде жүргізген қазба жұмыстары кезінде кездейсоқ табылған.
Інжілде айтылғандай, Мұса пайғамбарға түскен 10 өсиет жазылған тас тақтайшалар дәл осы Өсиеттер қобдишасында сақталған. Ғалымдар оларды зерттеуге кіріскендерін жеткізген.
Александр Македонский - ежелгі дәуірдің ең жарқын тұлғаларының бірі. Жарты әлемді жаулаған жауынгер қолбасшы біздің жыл санауымызға дейінгі 323 жылы өлген. Ал оның мумиясы туралы ең соңғы деректер біздің дәуіріміздің 210 жылына жатады. Сол кезде оның бейіті мысырлық Александрияда деп көрсетілген болатын.