1 наурызда облыстың ТЖД-не «ОблТрансГаз» КМК бас директоры Бауыржан ТУХФАТОВТАН Қызылқоға ауданындағы магистральды тұрбадағы табиғи газ қысымының төмендетілгендігі туралы хабарлама түсті.
Күндізгі сағат 14 шамасында жалпы саны 16,6 мың халқы бар 14 елді мекенге - Айдын, Қоғам, Қаракөл, Тасшағыл, Қоныстану, Қосқұлақ, Тайсойған, Қоныстану-2, Бүйрек, Жасқайрат, Дәулетиман, Жангельдин, Аққора және аудан орталығы Миялыға газдың берілуі тоқтатылды. Коммуналдық-тұрмыстық мақсаттағы 41 нысан газсыз қалды.
Б.Тухфатовтың айтуынша, магистральды газ құбыры желісінің ақаусыздығын тексеру үшін «ОблТрансГаз» КМК-ның 12 қызметкері жіберілді. Бұдан басқа, жолсыз және қалың қарда жұмыс жасап жатқан газшілерге көмек көрсету үшін облыстық ТЖД ауданға «Трэкол» вездеходымен мобильдік құтқарушылар тобын жіберді.
«ОблТрансГаз» КМК бас директорының орынбасары Александр БАЛАКИН хабарлағандай, газ құбырындағы апат 3 наурызда жойылды, сол күні-ақ, газ қайтадан қосылды. 400-миллиметрлік газ тұрбасының жарылуы Қарабаудан 12 шақырым жерде далада түйіскен жерде орын алған. Апаттың ресми себебі – төменгі температураның әсері және желілік полиэтиленді тұрба құбырының қысылып қалуы болды. Сонда пластик тұрбалар тиісті тереңдікте төселмегені ме? Газшілердің бірі суықтан қатып қалған тереңдіктің жылынған кезде төменге қарай түсуі (тоңның жібуі) мүмкін деп жауап берді.
Қызылқоға ауданының әкімі Сырым РЫСҚАЛИЕВТІҢ айтуынша, тек Индер ауданы жағынан тартылған тұрбамен газ келетін поселкелер ғана газсыз қалған. Сағыз және Мұқыр ауылдарында газ тұрақты беріліп тұрды. Апатты жағдай орын алған кезде мектептер мен балабақшаларды, ауруханаларды суықтан олардың жылу қазандарындағы басқа отын түрінің қолданылуға дайын тұрғандығы құтқарды. Барлық нысандарға мазуттар жеткізілді. Жеке үйлердегі қазандардың қатып қалғандығы туралы ақпараттар түскен жоқ.
Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ