Атырау, 24 қараша 04:06
 ашықВ Атырау +1
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Жүнісов пен Тайбағаров көмекке келді

2 075 просмотра

1 наурызда 00 сағат 15 минутта Жылыой ауданының өртпен күрес қызметінің бөліміне Құлсары-Ақкиізтоғай және Құлсары-Майкөмген трассаларында бірнеше жеңіл көліктердің қар күртігіне малтығып қалғаны туралы хабарлама түсті.

Көмекке аға лейтенант Р. Жүнісов пен прапорщик К. Тайбағаровтың өрт сөндіру жасағы жіберілді. Құлсары-Ақкиізтоғай трассасының 20 километр қашықтығында олар қар күртігінде қалған «Патриот» УАЗ-ы мен «Ниваны» тауып алады. Көліктер қар жоқ жерге сүйреп шығарылып, сол жерден өздері жолды жалғастырған. Құлсарыға жеткеннен кейін жүргізушілер 6 жолаушының барлығы өздерін қалыпты сезінетіндігін хабарлады.

Әрі қарай өрт сөндірушілер Майкөмген маңына келе жатқан «Жылыоймұнайгаз» МГӨБ-ның қарға батып қалған «Орал» вахта көлігіне қол ұшын беруге жіберілген. Құлсары–Бейнеу трассасының 30 км қашықтығында өрт сөндірушілер жоғалған көлік пен бірнеше ондаған көліктерді көреді.

Өрт сөндірушілер бүкіл жүргізуші мен жолаушыларға вахта көлігіне және өрт сөндіру машинасына отырып, Құлсарыға жетіп алуды, сол жерден боранның басылуын күтуді ұсынады. Апат маңынан 50 адам шығарылды, соның ішінде 20 әйел адам мен 11 бала бар. Олардың барлығы Құлсарыға жеткізіліп, «Ташкент» мейманханасының номерлеріне орналастырылды.

Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ

8 наурыз 2012, 00:32

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.