Атырау, 24 қараша 03:42
 ашықВ Атырау +1
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Рекорд әкелген көктайғақ

8 022 просмотра

Өткен жұма қала тұрғындарының көпшілігі үшін төтенше күн болды. Бірнеше сағатқа созылған тайғақ салдарынан облыстық травматология бөлімшесіне 72 адам жеткізіліп үлгеріпті. Оның 12-сі ауруханаға жатқызылды.

- Бұл рекорд болды, - деді сол күні тыным таппаған облыстық аурухананың травматологиялық бөлімшесінің меңгерушісі Руслан ҚАПАНОВ. – Менің тәжірибемде 8 сағат ішінде 72 адам түскен кез болған емес. Жамбас сүйектері сынған екі науқасқа операция жасадық.

Дәрігерлер ауыр жағдайға соқтырған компрессиялық сынықтарды (омыртқа сынығын), иық сүйегі, құйымшақ, бұғана, шынтақ сүйегі өскіні сынған жағдайлардың орын алғанын атап өтті. Ми шайқалу да болған. Ең жас жапа шегушінің жасы 16-да, ең егдесінің жасы 75-те.

Өкінішке орай, балалар жарақаты да орын алған. Травматологиялық пункттің балалар бөлімшесінің меңгерушісі Руслан ЖАНГЕРЕЕВТІҢ айтуынша, жұма күні оларға төрт бала жеткізілген. Миы шайқалған бір жасөспірім ауруханаға жатқызылды. Оның жағдайын дәрігерлер орташа ауырлықта деп бағалап отыр. Бес жасар қыз бала мұрнын сындырып алса, басқа екеуінде анағұрлым жеңіл жарақаттар байқалған.

 

КЕПТЕЛІС КІДІРТТІ

Ауа-райының қолайсыздығы жолдарда да үлкен проблемалар туғызды. 2 наурызда тайғақ салдарынан машиналар көпірге көтеріле алмады. Әлиев-Сатыбалдиев көпірінде төрт жеңіл көлік пен артынан ілесіп келе жатқан маршрут автобусы соқтығысты. Апат шамамен 7.40-та орын алып, қарбалас уақытта осы аудандағы қозғалысты тоқтатып тастады. Жұмыстарына бара жатқан қала тұрғындары жол полициясы қызметкерлері жеткенше кептелісте бір сағаттай тұрды.

Екі сағат ішінде (жұма күнгі таңертеңгі сағат 7 мен 9 аралығында) жеті жол-көлік оқиғасы тіркелген.

- Бұлардың барлығы негізінен екі көлік арасындағы жеңіл жанап кету оқиғалары, - дейді ІІД ЖПБ жедел кезекшісі Ерболат ҚАДИМОВ.

Жедел кезекшінің айтуынша, таңертеңнен бастап республикалық маңыздағы жолдар мен ауданаралық трассаларда қоғамдық көліктердің қозғалысына шектеу қойылған:

 

ТАКСИСТЕР ШІРЕНДІ

Аялдамаларда халық көп шоғырланып қалды. Көпшілігі жұмыстарына кешігіп қалмас үшін такси ұстады. Ал таксистер бірден бағаны көтеріп жіберді. Егер қарапайым күндері Авангардтан Горпаркке дейін 300 теңге алатын болса, сол күні екі есе бағаны алды.

 

КОММУНАЛШЫЛАР КӨРІНБЕДІ

Жұмыс жасап жатқан коммуналдық қызметкерлер көрін-беді. Қалай болғанда да, сағат 11-де қала тұтас мұз айдынына айналған еді. Сырғанақ аяқжолдармен жаяу жүргіншілер аяқтарын жыбырлата басып, ілбіп бара жатты.

Сәуле ТАСБОЛАТОВА

Суретті түсірген Қанат ЕЛЕУОВ

 

8 наурыз 2012, 00:26

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.