Мақат ауданының Байшонас поселкесінде сыни жағдай орын алды.
Аудандық мәслихаттың депутаты Жандарбек ЕРМҰХАНОВ былай деп әңгімелейді:
1 наурыз күні таңғы сағат 4-тер шамасында екі поселкенің біріндегі жылу қазандары судың жетіспеуі салдарынан тоқтап қалды. Сутартқыштан суды жеткізуші тұрбада қысым жоқ. Суды өрт сөндіру машинасының және автоцистерна көмегімен жеткізіп отыр. Сол күні сағат 11-ге таман электр желілері учаскесінің бастығы Марат ТАЙБУРИЕВТІҢ нұсқауы бойынша жылу қазандарын электрмен жабдықтау тоқтатылды және электр қалқанына пломба салынды. Энергішілер «АтырауЭнергоСату» ЖШС директоры Эльмира ИСЕМБЕРГЕНОВАНЫҢ нұсқауына сілтеме жасап отыр.
«Байшонас-Жылу» ЖШС инженері Самат ЖАСМАҒАМБЕТОВТЫҢ айтуынша, жылу қазаны «Атырау-Жарық» АҚ 6 млн теңге қарыз, ал, жеткізілген су үшін «Атырау су арнасы» КМК алдындағы бережағы 5 млн теңге екен.
Ауыл тұрғындары 1 наурыз күні таңертең митингіге жиналып, поселке әкімі Боран АҚМУРЗИЕВТІҢ кабинетіне баса-көктеп кірген. Оның жағдайды реттеуге берген уәдесінен кейін адамдар үйді-үйлеріне қайтқан, дегенмен әзірге тыныштала қойған жоқ.
Артынша бізге «Атырау-ЭнергоСату» ЖШС директоры Эльмира ИСЕМБЕРГЕНОВА «Байшонас-Жылу» жылу қазандығына өз қарыздарын 10 күн мерзім ішінде өтейміз деген кепілдік бойынша электр жарығының берілгендігін хабарлады.
БАЙБАЛАМ САЛЫП ДАУРЫҚПА
Ал Мақат аудандық мәслихатының депутаты Жандарбек Ермұхановты аудан әкімі Қилымғали ҚАЙНЕНОВ (суретте) байбалам салушы деп атады.
«Облыстық газеттерден басқа, Жандарбек облыстық мәслихаттың хатшысы Сағын Лұқпановқа да қоңырау шалыпты. Мен оны байбалам салушы деп есептеймін», - деді аудан басшысы «АЖ» тілшісіне телефон арқылы хабарласқанда.
Қ. Қайненовтің айтуынша, 1 наурызда орын алған жағдай Атырау-Байшонас су құбыры желісінің апатына әкеп соқтырды. Тұрбалардың біріндегі жікке мұз қатып, боран салдарынан «Атырау су арнасы» КМК-нің апат бригадасы діттеген жерге жете алмаған. «Байшонас Жылу» ЖШС жылу қазандығына 3 мың тоннадан жиналып тұрған екі резервуардағы су қорын пайдалануға кіріскен. Содан кейін түске қарай поселкедегі сумен қамту толығымен қалпына келтіріліпті. Қазір апат бригадасы Ескене поселкесіндегі осы секілді су құбырындағы апатты жою жұмыстарын жүргізуде.
Байшонас жылу қазандығында шынымен де электрмен қамту берешектер үшін ажыратылып тасталған екен. 1 наурызда энергішілер Қ. Қайненов «Атырау Жарық» АҚ басқармасының төрағасы Оразғали ҚАРШЕГЕНОВКЕ қоңырау шалғаннан кейін бір сағаттан соң жарықты қайта қосыпты.
Қ. Қайненов Байшонас поселкесінің дүкендерінде азық-түліктердің таусылып қалғандығы туралы қауесетті теріске шығарды. Осындай жағдай қаңтарда Байшонасқа азық-түліктер тиелген автокеруен жіберіліп, ал Ескене поселкесінің тұрғындарына тікұшақтан азықтар түсіруге тура келген кезде болған екен. Қазір жергілікті кәсіпкерлер дүкендерге азық-түліктер жеткізу үшін жолсызбен жүретін көліктерді пайдалануда.
Әкім Мақат ауданындағы тұрғындардың ауа-райының тосын сыйымен күресуді жалғастырып жатқанын хабарлады. Қазір Мақат ауданы орталығының маңындағы ақтөбелік айналма трассаны түгелдей қар басып қалыпты, ол жерге арнайы техника жіберілген.
Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ
Ләззат ҚАРАЖАНОВА