Атырау, 24 қараша 03:57
 ашықВ Атырау +1
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Өксікке толы өмір

2 519 просмотра

«АЖ» редакциясы облыстық СПИД-пен күрес және алдын алу орталығымен бірге зерттеу жұмысын жүргізді. Біз бірнеше сұрақтардан тұратын сауалнама жасақтап, орталық қызметкерлерінен өздерінде есепте тұрған жандарға сауалнама таратуды өтіндік.

ВИЧ-ке шалдыққаныңыз үшін сізге тіл тигізді ме?

Сауалнама толтырушылардың100%-ы «жоқ» деп жауап берді.

Өзіңізге ВИЧ жұқтырғаныңызды білгеннен кейін отбасыңызда қалдыңыз ба?

Иә, қалдық – 100%.

Достарыңыз бен таныстарыңыз сізбен араласуды қойды ма?

Бұл сұраққа барлығы дерлік «кесел достарымызбен қарым-қатынасымызға еш әсер еткен жоқ» деп жауап берген. Бәлкім, жұқтырғандардың көпшілігі өздерінің құпия шерін ешкімге ашпайтын шығар. Мәселен, жауап берушінің бірі өз диагнозын білгеннен кейін қоршаған ортамен қарым-қатынас жасауды доғарғанын жазыпты.

Сырқатыңыз үшін сізді жұмыстан шығарып жіберді ме?

100%-ыөз әріптестері мен басшылығы тарапынан ешқандай қысымшылықты байқамайтынын растапты.

Медиктердің сізге көмек беруден бас тартқан кезі болды ма?

100%-ыбұл тұрғыда өздерін кем сезінбейтіндігін айтыпты.

Отбасын құру туралы ойдан бас тарттыңыз ба?

Сауалға қатысушылардың жанұя құрмаған65%-ы өзде-рінің сыңарларын табуды армандайды. 20%-ы үзілді-кесілді бас тартқан, 15 пайызы екі ойлы.

Бала сүюден бас тарттыңыз ба?

15%-ыбалалы болатындықтарына сенбейді. 20%-ы бұл сұраққа жауап беруге қиналды. Қалған 65%-ы тәуекелге бел буып, ұрпақ қалдыруды жоспарлайды.

Жыныстық өміртуралы сұрақ жауап берушілердің 5%-ы үшін ғана тыйым салынған нәрсе екен.

Сіздің ВИЧ жұқтырғандығыңыз туралы хабардан кейін өміріңіз түбегейлі өзгерді ме?

95%-ыбұл хабардың өмірлерінің астан-кестеңін шығарғанын күйіне мойындаған. Қалған 5%-ы бұл хабардың өмірлеріне еш әсер етпегенін айтыпты.

Анастасия ПАСТУХОВА

 

Облыстық СПИД-пен күрес және алдын алу орталығының ақпараты бойынша, бүгінгі күні ВИЧ/СПИД-ке шалдыққан 122 адам анықталған. Есепте тек Атырауда тұрақты мекен ететін 55 адам ғана тұр. Біздің сауалнамамыздың сұрағына жауап беруге тек 25 адам келісті. СПИД орталығының қызметкері Баян АУСТИЯРОВАНЫҢ айтуынша, қалғандары жауап беруден бас тартқан. Өйткені кейбір сұрақтар олар үшін өте қиын болыпты.

7 наурыз 2012, 18:31

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.