Атырау, 26 желтоқсан 15:06
 бұлттыВ Атырау -3
$ 514.93
€ 536.04
₽ 5.18

Электронды қолтаңба

3 681 просмотра

Өткен жылы біздің облысымызда электронды сандық қолтаңбаны  13295 адам алса, ал, осы жылдың басынан бастап   2080 адам ала бастады. 

«Наурыз айынан бастап-ақ, жеке бас куәлігі электронды сандық қолтаңба арқылы беріле бастайды және мен оның аса қажеттілігі бар деп есептеймін. ЭСҚ уақытты үнемдеуге мүмкіндік береді және адамдар үйлерінен шықпай-ақ, қажетті қызмет түрлері мен анықтамаларын ала алады,- дейді Ұлттық ақпараттық технология АҚ Атырау облыстық ақпараттық технологиялар орталығының директоры Гүлсара ЕСҚАЛИЕВА.

- Бұдан басқа, коммерциялық (онлайн, теміржол және әуе көліктерінің билеттерін брондау, интернет-банкинг, коммуналдық қызмет төлемдері  және т.б), сондай-ақ, бюджетке және лицензиялау төлемдері жүргізіледі».

Электронды қолтаңба алынған кезінен бастап бір жыл бойына жарамды болады және оны үнемі ұзартып отыру керек. Ал, бұны ЭСҚ-ның жарамдылық мерзімін ұзартуды қысқа мерзімде орындау мүмкіндігі қарастырылған www.pki.gov.kz сайтындағы «жеке кабинет» арқылы жасаған жөн.  

ЭСҚ қолдану басымдылығына және түрлі органдардың, айталық министрліктен бастап, жергілікті атқарушы органдардың электронды қызметтердің үлкен тізімін ұсынатындығына қарамастан, біздің облысымыздың тұрғындары олардың тек бірнешеуінің қызметін ғана қолданады.

-«Бірінші кезекте жылжымалы мүліктің бар-жоғына берілетін анықтамалар, оған құқық беретін анықтамалар қажетті. Оларды жеке тұлғалар да, заңды тұлғалар да сұрайды,-дейді облыстық халыққа қызмет көрсету орталығы директорының орынбасары Тұрлан НҰРЖАНОВ. – Бұдан басқа, ӘЖК алу және салымшының қаржы түсімдері жөніндегі ақпараттарды беру туралы мемлекеттік зейнетақы қорының қызмет аясы көп. Жеке тұлғалар тіркелген жерінен мекен-жай анықтамасын, сотталмағандығы, мүлік салығын төлеп отырғандығы, жол ережелерін бұзғаны үшін айыппұл төлегендігі жөніндегі анықтамаларды алады. Заңды тұлғалар болса, заңды тұлғалар куәлігінің дубликатын, заңды тұлғалардың басқа заңды тұлғаларға қатыстылығы туралы анықтамаларды, заңды тұлғалардың филиалдарының бар екендігі туралы анықтамаларды алады. Көбіне ЭСҚ-ны мемлекеттік сатып алуларға қатысу үшін түрлі кәсіпорындар алады».

Жергілікті атқарушы органдары онлайн режимінде 20 қызмет түрін көрсетеді деп жоспарланған еді, бірақ, әзірге олардың тек бесеуі ғана енгізілді: балабақшадан орын алуға кезекке тұруға, мұрағаттық анықтаманы, атаулы әлеуметтік көмек алуға өтініш беруге, азаматтың жұмыссыз ретінде есепте тұрғандығын растайтын анықтаманы алуға немесе есепке тұруға болады. Алайда, тағы да, Т.Нұржановтың атап өткеніндей, ЭСҚ  қызметін ешкім қолданбай отыр, олардың барлығы өтініштерін қағаз жүзінде береді.

Әдеттегідей, жаңа технологиялар саласында жастар жағы барынша басымдық танытуда. Өткен жылы некені тіркету бойынша екі онлайн өтініш берілген еді, биылғы жылы әзірге біреу ғана.

Зульфия ИСКАЛИЕВА

7 наурыз 2012, 18:25

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.