Атырау, 24 қараша 03:42
 ашықВ Атырау +1
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Сотқа жолығыңыз

1 832 просмотра

Сот жол-көлік оқиғасына кінәліні – 397 мың теңге көлемінде шығынды өтеуге міндеттеді. Сақтандыру компаниясы бұл соманың 80 %-ын төлеп үлгерді. Соған қарамастан сот орындаушы борышкердің  жұмыс орнына оның еңбекақысынан  тағы да  397 мың теңгені өтеп алу жөнінде құжатты жолдаған. Бұл  жерде заңдық сорақылық бар ма?

Өтеген Д., сол орын алған жол-көлік оқиғасына сот кінәлі деп таныған баласының мүд-десін қорғап, редакцияға құжаттарды алып келді және ол сот орындаушының келтірілген шығынның жартылай төленгендігі туралы ақпаратты біле тұра, оның толық сомасын өтеуді талап еткендігін мә-лімдеді.

Сот актілерін орындау жөніндегі департаменттен біздің сауалымызға  анықтама келді. «...06.09. 2011 жылы «Халық-Қазахинстрах» сақтандыру компаниясынан Ж.А. пайдасы үшін сақтандыру төлемі ретінде 308945 теңге берілді. Бұған қоса, орындау парағында 397085 теңге өндіріп алу жөнінде көрсетілген, ал, талап арыз берушіге 308945 теңге төленген, мемлекеттік сот орындаушылары атынан сотқа орындау парағына сәйкес борышкерден қажетті төлемді өндіріп алу үшін нақты соманы анықтау жөнінде ұсыныс жолданған. 20.01.2012 жылы  судья Ералиев С.А. борышкердің қарызын 88140 теңге сомасында екендігін анықтады. «КСБ Груп» ЖШС өзінің 14. 02. 2012 жылғы хатында борышкер Б.У. - барлығы 88140 теңге ұсталғандығын көрсеткен және орындау парағы толық өндіріп алу ретінде кері қайтарылғандығын» баяндайды. 

Борышкерден оның қарызының екі рет талап етілуі қалайша орын алып отыр? Бұл кімнің – судьяның ба, әлде, сот орындаушының немесе борышкердің қателігі ме? Департаментте оған кінәлі борышкердің өзі деп сенімді түрде мәлімдеді.

- Біздің әрекетіміз заңды, өйткені, сот шешімінде қайтадан есептеу жүргізу қажеттілігі жөнінде сілтеме жасалмастан тек борышкердің аты-жөні ғана көрсетілген. Белгіленген шығын  сомасына өзгерту жасалғандығын осы құжатқа енгізу үшін борышкердің өзі өтінішпен сотқа келуі міндетті. Мен бұл жағдайға түсінік беру үшін заңгер Аслан ЖОЛБОЛОВҚА өтініш жасадым («Слова защиты» адвокаттық кеңсесі):

- Менің ойымша бұл жағдайда сот орындаушылардың әрекеттерінен сорақылық ниеттер байқалмайды. Көрсетілген жағдайлардан сот орындаушыларына сот шешімінің жартылай болса да орындалғандығы туралы белгілі болғаннан бастап, ол сот актісін шығарған сотқа одан әрі қандай әрекеттерді жүзеге асыру керектігі туралы өтінішін білдірген. Орын алған жағдайға орай сот дұрыс шешім қабылдаған.

Зульфия БАЙНЕКЕЕВА

7 наурыз 2012, 18:22

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.