Атырау, 7 қазан 09:54
 ашықВ Атырау +26
$ 481.84
€ 531.33
₽ 5.07

Екі қашқын сарбаз бар

1 777 просмотра

2012 жылдың 22 шілдесіне дейін кінәсін мойындап келетін қашқын сарбаздар жазадан құтылады. Рақымшылық жасау туралы заң оларға да қолданылады екен.

- Егер сарбаз бөлімшені немесе қызмет етіп жатқан жерді биылғы жылдың 22 қаңтарына дейін өздігімен тастап кеткен болса, бірақ істеген ісіне өкініп, кінәсін мойындап (22 шілдеден кешікпей)  келсе, онда заңға сәйкес, ол қылмыстық жауапкершіліктен босатылады, - дейді Атырау гарнизонының әскери полициясының уәкілетті өкілі Болатбек МУСИН. Әскери полиция да келушілердің барлығына кеші-рім беруге уәде береді. Бірақ алдымен әскери бөлімді өздігімен не үшін тастап кеткен себебі анықталатын болады. Кезекші телефоны – 36-58-42.

Бүкіл батыс Қазақстан бойынша қашқындар санатында екі адам бар.

Естеріңізге салсақ, президент «Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігінің жиырма жылдығына байланысты рақымшылық жасау туралы» заңға өткен жылдың аяғында қол қойып, ол заңды күшіне 22 қаңтарда енген болатын.

Анастасия ПАСТУХОВА

7 наурыз 2012, 18:20

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.