Атырау қалалық ІІБ криминалдық полициясы және Ақтөбе облысының ІІД қызметкерлері Ақтөбеден пәтер ұрлығымен айналысқан қылмыстық топты құрықтады.
Облыстық ІІД баспасөз қызметінің жетекшісі Гүлназира МҰХТАРОВАНЫҢ айтуынша, 25 жастағы жас жігіт пен 17, 18 және 23 жастағы үш қыздан құралған топ батыс Қазақстан қалаларындағы пәтерлерді тонаған. Үй ұрыларының енші-сінде криминалдық көріністер жеткілікті: Атырауда 30, Ақтөбеде 10 және Оралда 6 қылмыс жасаған. Ұстау кезінде күдіктілерден ноутбуктер, бейнекамера, сағаттар, алтын бұйымдар, ұялы телефондар және т.б. тәркіленіп алынған. Ұрланған заттардың қожайындарына ҚІІБ криминалдық полиция бөліміне хабарласу сұралады.
Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ