Атырау, 24 қараша 03:36
 ашықВ Атырау +1
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Екінші аяқ киіммен келіңіз!

2 131 просмотра

1 наурыздан бастап облыстың барлық ауруханаларында бір реттік бахилаларды сату аппараттарын алып тастады. Денсаулық сақтау министрлігінің нұсқауы солай.

Бәсекелестікті қорғау жө-ніндегі мемлекеттік агенттіктің төрағасы Ғабидулла ӘБДРАХИМОВбахилаларды сатуды тұтынушылардың құқығын бұзу және тіпті, медициналық қызметті пайдалануда кедергі деп есептеп отыр. Ол денсаулық сақтау министрлігіне аяқ киімге арналған целлофан қаптарды тегін беруді ұйымдастыруға кеңес берді. «Министрлік өз аппараттарын орнату үшін еліміздің медициналық мекемелерінен жалға орын алған кәсіпкерлермен келісім-шартты  қайтадан ұйымдастырмауға кеңес берді. Осыған байланысты біздің облысымызда 1 наурыздан бастап ауруханаларда бахилалар енді сатылмайтын болады. Екінші аяқ киімді пайдалану тәжірибесіне қайта оралатын боламыз. Бахилаларды киюге қатаң талаптар тек жансақтау бөлімдері мен қан алатын операциялық залдарда ғана сақталады. Қалған жерлерде еденді жиі-жиі жуып тұруға тура келеді», - дейді облыстық денсаулық сақтау басқармасының бастығы Меңдіхан ӨТЕПҚАЛИЕВ. Медициналық мекемелердің басшылары мұны  құптамағанмен, ортақ талаптарға бағынады. «Тазалықшылардың жұмыс көлемі өте үлкен, олар бір айда 12-15 мың теңге жалақы ғана алады, сондықтан да тазалықшылар тұрақтамайды»,- деп облыстық балалар ауруханасының директоры Нұрқабыл НҰРМҰХАНОВ аурухана қызметкерлерінің ұстанымын аңғартты.  

Зульфия ИСКАЛИЕВА

7 наурыз 2012, 18:13

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.