Атырау, 24 қараша 02:33
 ашықВ Атырау +1
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Алқа билер таңдауға түседі

3 605 просмотра

Атыраулық судьялар алқа билер тізімінің жасақталуына  риза емес. Олардың қатарына нашақорлар ғана емес, маскүнемдер, жүйке ауруларына шалдыққан адамдар да еніп кетіп жатады.

-  Алқа билер соты егер айыпталушының өзі талап етсе, тек аса ауыр қылмыстар бойынша қылмыстық істерді қарайтыны белгілі, - дейді қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық мамандандырылған соттың судьясы Жұмағали ТАШИМОВ. – Алқа билер тізімін жергілікті атқару органдары жасақтайды. Бізге әрбір істер үшін екі жүз адамды ұсынады.Олардың ішінен қырық  адам ғана келеді. Одан көп болмайды. Осы қырық адамның ішінен біз он екі адамнан тұратын  нақты тізімді жасақтаймыз.

Ж.Ташимовтың айтуынша, бір істі қарау мерзімі бір айға созылады және судьяларға он екі адамның ішінен алқа би рөліне кімнің лайықты екендігін анықтауына уақыттары жоқ.

- Және ол біздің құзырымызда  емес,  - деп қосып қойды ол.

Айта кету керек, судья өз тәжірибесінен есірткі бойынша істің қалай қаралғандығын еске түсірді. Үкім шығарылғаннан кейін алқа билерге он екі бидің ішінде психоневрологиялық диспансерде есепте тұрған адамның бар екендігі белгілі болған. Соның нәтижесінде судьяларға алқа билердің басқа бір тізімін жасауға, ал, үкімді  бұзуға тура келген. 

Үстіміздегі жылдың ақпан айындағы Жоғары соттағы баспасөз конференциясында Қазақстанда сотқа алқа билерді енгізудің 5 жылдығына орай алқа билерді таңдаумен айналысатын мамандандырылған органның қажеттілігі туралы мәселе қойылды.

Анастасия ПАСТУХОВА

7 наурыз 2012, 17:35

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.