Атырау, 24 қараша 03:01
 ашықВ Атырау +1
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Каспийдегі шетелдік легион

1 625 просмотра

Ауыл шаруашылық министрлігінде балық қорғаудың «Бекіре-2012» акциясын өткізу мәселелері бойынша мәжіліс болып өтті.

Министрліктің баспасөз қызметі хабарлағандай, өткен жылғы «Бекіре» акциясының қорытындысы шығарылды. 2011 жылдың 10 сәуірінен 30 мамыр аралығында Жайық-Каспий облысаралық бассейндік балық шаруашылығы инспекциясы 417 заң бұзушылықтарды анықтады. Браконьерлерден 696 балық аулау құралдары, 31 автокөлік және жүзу құралдары, 15,7 тонна балық, оның ішінде 50 келі балық және 6,8 келі бекіре тұқымдас балықтың уылдырығы тәркіленді. 9 қылмыстық іс көтерілді. Шетелдіктер туралы былай деуге болады; Каспий теңізінен 19 дағыстандық ұсталды, олардан 562 келі қызыл балық, ау құралдары - жалпы ұзындығы 900 метр болатын ахан, 5 байда қайығы мен ілмелі «Ямаха» моторлары тәркіленді.

Мәжілісте табиғат қорғау және құқық қорғау органдарының әрекеттерін үйлестіру үшін Жайық-Каспий облысаралық бассейндік балық шаруашылығы инспекциясы жанынан аймақтық штаб құру жөнінде шешім қабылданды. Браконьерлік орын алатын жерлерде оларды орналастыру картасы мен техникалық құралдармен жабдықтау мәселелері де жасақталды. Алдағы болатын «Бекіре-2012» акциясына 500-ден аса инспекторларды және 90 жүзу және көлік құралдарын жұмылдыру жоспарланып отыр.

Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ

7 наурыз 2012, 17:03

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.