Атырау, 11 желтоқсан 20:41
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +1
$ 508.05
€ 534.82
₽ 5.06

Сыйақы үшін сөгіс алды

1 922 просмотра

Өткен  сәрсенбіде Атырау гарнизонының әскери полициясы әскердегі сыбайлас жемқорлыққа қатысты дөңгелек үстел өткізді.

Атырау гарнизонының әскери полиция бөлімшесінің бастығы Еламан ОРДАҒҰЛОВТЫҢ айтуынша, 2011 жылы облыстың әскери қызметшілері арасында 41 сыбайлас жемқорлық қылмысы тіркелген. Осы салада құқық бұзушылық жасағаны үшін лауазымды тұлғалардың 113-і тәртіптік, 16-сы әкімшілік жауапкершілікке тартылған.

2009-2010 жылдары салық органдарына табыстар туралы декларацияны ұсынбаған 41321 әскери бөлімінің лейтенанты З. әкімшілік жауапкершілікке тартылған. Ол салық органында жеке кәсіпкер ретінде тіркеліп тұрған. Соттың шешімімен оған 166000 теңге айыппұл салынған.

Ал әскери бөлімшелердің бірінің командирі Н. елдің тәуелсіздік мерекесіне орай, өзіне 12797 теңге ақшалай сыйақы тағайындағаны үшін тәртіптік жауапкершілікке тартылған. Командирге «Батыс» аймақтық қолбасшылығының бұйрығымен сөгіс жарияланды.

Айнұр САПАРОВА

7 наурыз 2012, 16:59

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.