Атырау, 24 қараша 02:26
 ашықВ Атырау +1
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Салыққа тексеру жүргізді

1 664 просмотра

Атырау облысы прокуратурасы салық қызметі органдарына тексерулер жүргізді.

«Заңнамаға сәйкес, егер салық төлеуші талап қойылғаннан кейін өз міндетін орындап,  белгіленген мерзім ішінде бережағын төлеген жағдайда, салықшылар 1 күн ішінде өздерінің белгілеген шараларын қайтарып алуға тиісті. Іс жүзінде салық төлеушінің есепшотын оның өзі келіп, жағдайды анықтағанша ашпайды. Өйткені, салық органдары салық төлеушіні оған әкімшілік шаралар қолдану үшін келуін күтеді. Кәсіпкерді кеңсесінде ұстау барлық уақытта мүмкін бола бермейді, ал, әкімшілік материалды толтыру үшін   ол туралы мәліметтер, түсініктемесі және басқа да қажетті ақпараттар керек болады. Бір жағынан мұндай талаптар салық органдарының жұмысын қиындатып жібереді, енді бір жағынан олардың таңдаған жолы дұрыс та емес», - дейді облыстық прокуратураның басқарма прокуроры  Асхат ҚАСЫМОВ.

Тексеру қорытындысы бойынша облыстың салық департаменті  басшылығының атына заң бұзушылықтарды жою туралы ұйғарымды енгізді, кінәлі тұлғалар тәртіптік жауапкершіліктерге тартылды.

Зульфия ИСКАЛИЕВА

7 наурыз 2012, 16:58

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.