Атырау, 6 қазан 21:08
 ашықВ Атырау +11
$ 481.84
€ 531.33
₽ 5.07

«Мариотт» өртенген жоқ

2 530 просмотра

29 ақпан күні күндізгі сағат бестерде Сәтбаев даңғылы мен Пушкин көшесіндегі (университет қалашығына қарай) автокөлік қозғалысына шектеу қойылды. Көліктер кептелісіне  қаладағы ең биік ғимарат – «Мариотт» қонақ үйіндегі  «өрт» себеп  болды.

ТЖ жөніндегі департамент және оған қарасты  «Өрт сөндіру және апатты-құтқару жұмыстары қызметі» ММ профильдік министрлік комиссиясының алдында  өртті жоюға дайындығын көрсеткен еді. «Аңыз» бойынша өрт қонақ үй апартаменттерінің төртінші қабатынан басталып, басқа қабаттарға қауіп төндірді. «Мариотт» - 22-қабатты, биіктігі 88 метр болатын ғимарат. Алғашқы үш қабатында банк, бутиктер мен мейрамхана орналасқан. Ал келесі 17 қабатта, яғни, қонақ үйдің 208 бөлмесі бар. 21-қабатта саунасы және қызметтік бөлмелері бар тренажерлық зал, 22-қабатта техникалық бөлмелер бар.

Сонымен, қонақ үйдің дабылы іске қосылды. Санаулы минуттардан соң өрт сөндіру техникасы келе бастады (журналистерге машиналар қонақ үй іргесінде тұрғандай әсер қалдырды). Сол уақыт аралығында қонақ үй қызметкерлері мен келушілер ғимараттан жедел шығып үлгерді. Олардың саны -108 адам болды. «Ешкім ұмыт қалған жоқ па?» - деп қаланың өрттен қорғау жөніндегі отрядтың бастығы Ризабек ҚОЖАҒАЛИЕВ сөзін түйіндеді.  Одан әрі оқу-жаттығу  сценарий бойынша жүргізілді.

Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ

Суреттітүсірген Қанат ЕЛЕУОВ

7 наурыз 2012, 16:53

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.