Атырау, 25 желтоқсан 23:59
 ашықВ Атырау -7
$ 511.00
€ 602.72
₽ 6.49

Ресейліктер белсенділік танытты

2 139 рет қаралды

4 наурызда Ресейде президент сайлауы өтті. Қазақстанда РФ азаматтары үшін 14 сайлау учаскесі жұмыс жасады. Олар еліміздің ірі деген қалаларында бір-бірден болды.

Атыраударесейліктер Құр-манғазы атындағымәдениет үйіндедауыс берді. Онда бір күнге Ресей Федерациясының орталық сайлау комиссиясының №5123 сайлау учаскесі жұмыс жасады.

Учаскелік сайлау комиссиясының төрағасы Сергей МИШИННІҢайтуынша, Атырауда 158 сайлаушы дауыс берген. Владимир ПУТИН -95 дауыс,Михаил ПРОХОРОВ - 25, Геннадий ЗЮГАНОВ - 24, Владимир ЖИРИНОВСКИЙ -10, Сергей МИРОНОВ -3 дауыс алды.

С.Мишин сайлаушылардың жоғары белсенділігін атап өтті. ІІД көші-қон полициясының мәліметтері бойынша, соңғы екі айда облыс аумағына РФ  8 292 азаматы келіп, тіркелген.

Анастасия ПАСТУХОВА

7 наурыз 2012, 16:51

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.