Атырау, 24 қараша 02:38
 ашықВ Атырау +1
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Күлшелі жолаушы ұша алмады

1 925 просмотра

Атырауды көгалдандыру жоспарымен шекарада шетелдік азамат ұсталды.

Халықаралық №904 «Амстердам-Атырау» әуе рейсін кедендік тексеруден өткізу барысында «Атырау-Әуежай» кедендік қосынының қызметкерлері Ұлыбритания азаматын ұстады. Оның жүгінен «Атырау қаласын көгалдандыру  жоспары» (2 қағаз данасы және 1 диск) жобалық құжаттары бар папкі табылған.

- Сараптаманың қорытындысына сәйкес, декларацияланбаған жобалық құжаттардың құны 450 мың еуро немесе 85 миллион теңгені құрайды. Контрабандамен күрес басқармасының бұл фактісі бойынша қылмыстық іс көтерілді, -деп хабарлады Атырау облысы бойынша Кедендік бақылау департаментінің баспасөз қызметінің өкілі Жанар БАЙҒАЛИЕВА.

Шетелдік азаматты қаңтар айының ортасында ұстаған болып шықты. Ол жобалық құжаттардың құны анықталмайынша, жұртшылыққа жарияланбай келген.

- Атырауға осы құжаттарды алып келген Ұлыбританияның азаматы оны декларациялау қажет екендігін білмегендігіне сендіреді. Ол Атыраудағы шетелдік компанияларда жұмыс жасайтын қызметкер емес,- дейді Кедендік бақылау департаменті (КБД) контрабандамен күрес басқармасының бастығы Талғат КАРИМОВ.

- Бұл біздің жұмыс барысында кездескен бірінші жағдай. Әзірге шетелдік мемлекеттің азаматына ешқандай шара алынған жоқ. Қазіргі уақытта ол азаматтың төлеуге тиісті баж салығының мөлшері есептелуде және істің басқа да себептері анықталуда, - дейді КБД экономикалық және ұйымдасқан қылмыспен күрес жөніндегі бөлім бастығы Мұрат ІЗҒАЛИЕВ.

Егер ол папканы беруді өтінген жай жолаушы емес, сол жоспардың авторы болса, ол британдық азамат енді не істейді? Жарты миллион еуро болатын баж салығын пошта арқылы төлей ме?! Шөлдегі бейкүнә қаланың көгалдануына түкіре салып, жоспарды Алмагүл-стриттегі мөлтек ауданы бар ағылшынның қандай ма бір қаласына сата сала ма? Немесе жоспары бар папкіден қайтадан атыраулық кеңседе басып, тапсырысшыға сату үшін жай ғана бас тарта  қоя ма?

Зульфия ИСКАЛИЕВА

7 наурыз 2012, 16:43

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.