Атырау, 24 қараша 02:20
 ашықВ Атырау +1
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Лаңкестер жазасын алады

1 698 просмотра

1 наурызда облыстық прокуратурада өткізілген брифингте өткен жылдың күзінде Атырауды шулатқан діни фанаттардың әрекеттеріне қатысты қылмыстық істің сотқа жолданғанын журналистерге хабардар етті.

Қылмыстық-сот қадағалау жөніндегі облыс прокурорының көмекшісі Ләззат НҰРМАҒАМБЕТОВА (суретте) хабарлағандай, бір іс бойынша 42 адамның, екіншісі (қазан айында орын алған облыстық әкімдік пен прокуратура ғимараттарының маңындағы жарылыс) бойынша– 5 адамның ісі қаралып жатқан көрінеді. Барлығы да қоғамдық қауіпсіздік пен тәртіпке қарсы қылмыс (терроризм, терроризмді насихаттау, террористік топ құру, оған басшылық ету және оның қызметіне қатысу, экстремизмдi немесе террористiк қызметті қаржыландыру) жасады деп айыпталуда. 21-ден 32 жасқа дейінгі айыпталушылардың барлығы қамауға алынған.

- Істер сотқа түскеннен кейін алдын-ала тыңдау белгіленеді. Ал содан кейін 15 күннен соң негізгі сот отырысы өтеді. Ақырғы шешімді сот бір ай мерзімде қабылдауы тиіс. Алайда күрделі істерге қатысты болса, ол арнайы қаулымен ұзартылады, - деп хабарлады Нұрмағамбетова.

Ол айыпталушыларды тергеу изоляторында соттайтын болады деген болжамды теріске шығарды. Бұл процесс үшін арнайы зал дайындалады. Облыстық соттың баспасөз хатшысы Боранбай ҒАЛИЕВ хабарлағандай, ғимаратты жөндеу әлі аяқталмаған.

Лаура СҮЛЕЙМЕНОВА

Суретті түсірген Қанат Елеуов

7 наурыз 2012, 16:35

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.