Атырау, 7 қазан 09:21
 ашықВ Атырау +26
$ 481.84
€ 531.33
₽ 5.07

Кезек үнсіз - қызмет мінсіз

2 390 просмотра

Өткен аптада «Батыс» аймақтық қолбасшылығының штабында қылмыстық қудалау органдары мен Атырау гарнизонының әскери басқарма органдарының ведомствоаралық кеңесінде әскери қызметшілердің әлеуметтік мәселесі қаралды.

Батыс аймағы бойынша әскери прокурор Талғат БЕКБЕРГЕНОВ әскери бөлімшелердің командирлерінің баяндамаларын тыңдап, күн тәртібіндегі мәселелермен танысты. Кеңесте айтылған әлеуметтік, экономикалық және рухани проблемалардың ішінде – Атыраудағы әскери қызметшілердің баспанамен қамтылу мәселесі кеңірек талқыға салынды.

Т.Бекбергеновтың айтуынша, қазіргі күні Атырауда әскери қызметшілердің, әсіресе, шекарашылардың бәрі бірдей баспанамен толық қамтамасыз етілмеген.   

Айталық, 2001 жылы Атырау гарнизонына СМП-163 ықшам ауданынан 40 пәтер берілген болса, 2005 жылы қараша айында Алмагүл ықшам ауданынан небары 7 пәтер беріліпті. 2006 жылы Авангард 3 ықшам ауданынан 46 пәтер берілген. Ал 2010 жылы желтоқсанда Сырым Датов көшесіндегі тұрғын үйлерден 10 пәтер бөлініпті.

18346 әскери бөлімінің командирі Дмитрий ПАВЛОВ үйі жоқ әскери қызметшілер өздерінің жалақысымен отбасын баспанамен қамтамасыз ете алмайтынын және әскери қызметке келісім-шартпен шақырылған сержант құрамы да баспана алуға қарастырылған жеңілдіктерге қол жеткізе  алмағасын алғашқы келісім - шарттан кейін қызметтен кетіп жататынын баян етті. Ресми өкілдің келтірген мысалдары да қазіргі әскери қызметшілердің тұрмыстық ахуалын аңғартады: мәселен, 18 жыл әскери қызметтегі майор В. КУЛИН пәтер кезегінде 13 жылдан бері тұр. Оның отбасы үш адамнан тұрады. Қазір ұлы 10 жаста. Майор отбасымен 13 жыл бойына 18 шаршы метр алаңды қамтитын бір бөлмелі пәтерде, жатақханада тұрып жатыр.

Ал 13 жыл әскери қызметтегімайор Р. ОРАЗАЛИЕВТІҢ 2 баласы бар, отбасында төрт адам. Капитан А. ӘБУОВТІҢ 3 баласы бар. Олар да бір бөлмелі пәтерде, жатақханада тұрады. Бұған дейін бірнеше жыл бойы пәтер жалдап тұрған. 18346 әскери бөліміндегі әскери қызметшінің барлығын баспанамен қамтамасыз ету үшін 5 үш бөлмелі, 2 екі бөлмелі, 3 бір бөлмелі пәтер қажет екен. 2000 жылдан бері қарай аталмыш бөлімге 4-ақ пәтер бөлініпті.

Осыған орай, кеңесте подполковник Д. ПАВЛОВ маңызды ұсыныс тастады. Қалалық әкімдіктің бюджеттік сала қызметкерлерін жыл сайын жүздеген арендалық пәтерлермен қамтып жатқанындай, әскери қызметшілер де пәтерлермен солай қамтылса деген тілегінің ҚР Қорғаныс министрлігіне жеткізілуін өтінді.  

Ал Атырау гарнизонының аудандық эксплуатациялық бөлімінің бастығы Серік БЕКБЕРГЕНОВ алдағы үш жыл ішінде 200 пәтерді сатып алу немесе құрылысын салу мәселесі жоспарланып отырғанын мәлім етті. Өткен жылы 1 маусымда баспанасыз ретінде 43 әскери қызметші, ал 2012 жылы 1 қаңтарда 93 әскери қызметші пәтер кезегіне тіркелген. Алайда, бұл баспанасы жоқ әскерилердің толық саны емес. Себебі, пәтер кезегіне тіркеліп үлгермегендер де көп-ақ. 

Сондай-ақ, биылғы 2012 жылы  қабылданған «Әскери қызмет және әскери қызметшінің мәртебесі туралы» заңға орай, келесі 2013 жылдан бастап әскери қызметшілерге баспана жалдап тұру үшін ақшалай өтемақы төлену жоспарланғандығы айтылды. Пәтер кезегіне тіркелмегендерге ақшалай өтемақы төленбейді. Ал, Т.Бекбергенов Атырау гарнизонының басшысымен бірге жергілікті атқару органдарына Атырау гарнизонына кем дегенде 50 пәтер бөлу туралы хатпен шығатынын айтты.

- Бізқазірқызметтежүргенәскериқызметшілердіұмытпауымызкерек. Соңғы жылы шынымен де пәтермен қамту жағы кідіріп қалды, - деді ол.

Айнұр САПАРОВА

Суретті түсірген Қанат ЕЛЕУОВ

7 наурыз 2012, 16:28

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.