Атырау, 28 қараша 01:46
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +1
$ 499.51
€ 525.83
₽ 4.62

Болат Теміров: «Зухра – басты жеңісім!»

3 205 просмотра

«АЖ»-ның жаңа айдары қаламыздың даңқын шығарған жандарға арналған. Кезінде олардың есімдері бүкіл атыраулықтардың ауыздарында жүретін. Бәрінің болмағанмен, көбінің дерлік. Олар кімдер? Музыканттар, спортшылар, әншілер, арулар және т.б.

1991 жылы бокстан өткен Еуропа чемпионатын жадынан шығарған ересек атыраулық жоқ шығар деп ойлаймын. Сол кезде Болат ТЕМІРОВ үшін қауіпті болған жекпе-жекті  қазір де көпшілігі толықтай естеріне түсіре алады.

Рингке қызыл киімде - біздің Болат, көк киімде - венгр Атилла Ковач шықты. Венгр спортшысы Теміровтің жанды жерін тауып алды. Ол - қарсыласының өлшеміне сай келмейтін жаңа шлем еді. Ол шлем Болаттың көзіне түсіп кетіп, қарсыласының қарсы әрекетін көрсетпей қалған кезде, Атилла есепті соққыларын жаудырып, қолдарымен жұмыс жасай бастады. Жекпе-жектің аяқталуы жақындаған кезде КСРО-ның бес дүркін чемпионы және Қазақстанның жеті дүркін чемпионы, әлем және Еуропа чемпионаттарына қатысушы Болат Теміровтің бұл жекпе-жекте жеңіске жетуі мүмкін еместігі айқын болды. Ойын төрешілері венгрдің қолын жоғары көтерген кезде, айналаны өкінішке толы, түңілген у-шу дауыстар басып кетті.  

Сайтан алғыр шлем!  Чемпионатты ұйымдастырушыларға шлемді беріп жатқан кезде Теміровтің қандай күйде болғанын біреу білсе, біреу білмес. “Мен ашу-ызадан оның жұлым-жұлымын шығарғым келіп, өзімді зорға ұстадым», - деп есіне алады Болат.

Дегенмен, кейіннен жеңіл салмақтағы боксшы тез оңалып, өз елі үшін талай жеңістің туын тікті. Содан бері қарай Теміровті былғары қолғап шебері деп текке атамаған ғой.

Ал қазір ұлы боксшының өмірінде қандай жағдайлар болып жатыр екен?

Ол өзінің спорттық мансабына 1995 жылы нүкте қойған. Сол жылы оның алты жыл жүрген сүйіктісі танымал боксшының ұсынысын қабыл алып, оған отбасы ошағының жылылығын тарту еткен. “Сүйікті адамыңның махаббатын жаулап алу деген қарсыласыңның мұрнын бұзу емес, - деп күледі ол. – Зухра – менің ең басты жеңісім». Бокстан кейін, 1995 жылдан 2006 жылға дейінгі аралықта Болат түрлі коммерциялық мекемелерде жұмыс істеген. Дегенмен, қазір де ол өзінің боксерлық өмірін естен шығармайды. Теміров «Самұрық-Қазына» АҚ Ұлттық әл-ауқат қорының «СК-АСТАНА» корпоративтік қорының бас директорының орынбасары боп табылады. Бұрын ҚР әуесқой бокс федерациясының бас хатшысы болған. Кезінде Атыраудан «Болат» боксшылар клубын ашты. Онда халықаралық деңгейге шыққан көптеген спортшылар тәрбиеленді. Теміров Атырау қалалық мәслихатының депутаты болып үшінші мәрте сайланғанын мақтан тұтады. Белсенді өмір сүру - оның ұстанымына айналған. Ал отбасында сұлу жары мен сүйкімді үш баласы отағасын асыға күтеді. 

Анастасия ПАСТУХОВА

Сурет Б. Теміровтің жеке мұрағатынан алынды

1 наурыз 2012, 17:35

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.