Атырау, 24 тамыз 21:44
 дождьВ Атырау +33.8
$ 456.88
€ 534.64
₽ 5.47

Балық салоны

3 299 рет қаралды

27 ақпан күні түнгі сағат бірде Хамит Ерғалиев атындағы ауыл маңында (Аққыстауға жақын) жол полициясының даладағы қуғыны табысты аяқталды.

Олар іздеріне түскен «Мицубиши Монтеро-Спорт» көлігі күртік қарға түсіп кетіп, шыға алмай қалды. Көлік салонынан бір тоннадан астам сазан табылды. Жүргізушіде – Жанбай поселкесінің тұрғынында жүктің жөнелтпе құжаттары болмаған. Ол жаңа ауланған балықтарды ауыл көшесінің ортасынан тауып алғанын түсіндірді. Тергеуді Исатай АІІБ қызметкерлері жүргізуде.

Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ

Суретті облыстық ІІД баспасөз қызметі ұсынды

1 наурыз 2012, 17:10

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.