Атырау, 28 қараша 01:31
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +1
$ 499.51
€ 525.83
₽ 4.62

"Мұнайшы" мұң жамылып тұр

8 315 просмотра

Қазақстан футбол федерациясының (ҚФФ) сайтында атыраулық «Мұнайшы» спорт кешенінің Премьер лигада еліміз чемпионатының матчын өткізу құқығынан айырылғандығы туралы хабарлама пайда болды. Соның салдарынан 10 наурызда өтетін «Атырау» және «Ордабасы» (Шымкент) командалары арасындағы бірінші турдың матчы Орал қаласына ауыстырылған болып шықты. 

ҚФФ хабарламасында былай делінген: «Қазақстан футбол федерациясы сертификаттау жөніндегі департаментінің талаптарына «Мұнайшы» спорт кешенінің стадионы сәйкес келмейді, сондықтан да бұл стадионда 2012 жылғы маусымда матчтар өткізуге рұқсат етілмейді. ҚФФ-ның  «Мұнайшы» стадионына қатысты шығарылған ұйғарымды «Атырау» футбол клубы басшылығы үш жыл бойына орындамай келеді және ол тұрақты мәселеге айналып кетті».

25 қаңтарда «Мұнайшы» спорт кешеніне  Қазақстан футбол федерациясы сертификаттау  жөніндегі департаментінің  Ұлттық футбол лигасы директоры Олжас АБРАЕВТЫҢ басшылығымен комиссия келді. Олар стадионның инфрақұрылымы және қауіпсіздігі бойынша УЕФА кестелерінің өрескел заң бұзушылықтарын анықтады. Бізге «Мұнайшы» СК директоры Жексенбай ҚҰСАЙЫНОВ хабарлағандай, комиссия анықтаған кемшіліктер мыналар болып шықты: стадионда командалардың футбол алаңымен тікелей байланысы жоқ; табло; көрермендерді күн сәулелерінен және жаңбырдан қорғайтын күнқағарлар жоқ; жарықтандырылуы нашар; кәріздер саны отыратын орын санына сәйкес келмейді. Бұл ҚФФ-ның стадион басшылығына бірнеше жылдар бойы әрбір чемпионат ойыны алдында қойып келе жатқан талаптары. Бұл жолы олар «Мұнайшы» СК басшылығының кепілдік хатына сенген жоқ.

Командалардың футбол алаңымен байланыстары жоқ деген комиссия талаптары негізінен трибуна астындағы жуынатын бөлме, ойыншылардың, төрешілер мен инспекторлар киінетін бөлмелердің жоқ екендігіне меңзеген еді.  Командалар сол жерден ойынға шығады, үзіліс кезінде сол жерде демалады.

– Өткен жылы 94 млн теңгеге оң жақ қанаттағы трубина астындағы жайдың құрылысына арналған жоба дайындалған еді. Құрылыс басқармасы бұл жұмыстарды орындау үшін тендер жариялаған болатын. Оның құрылысы жақында басталады. Біз ҚФФ басшылығының «Мұнайшы» СК-де  футбол бойынша еліміздің чемпионатын  өткізуге рұқсат береді деген үміттеміз. Ал, қалған басқа талаптар да біртіндеп орындалатын болады,- дейді Ж.Құсайынов.

«Атырау» ФК баспасөз-атташесі  Алтынбек НЫСАНҒАЛИЕВТІҢ хабарлауынша, шымкенттік «Ордабасымен» болатын бірінші турдың матчы 10 наурызда Орал қаласында өткізіледі екен.

– Кейін «Атырау» командасы Оралда қалады, өйткені, бірнеше күннен соң чемпионаттың кестесі бойынша 2-ші турдың матчы жергілікті «Ақ Жайық» және «Атырау» командалары арасында өтеді. Ал, ойынның үшінші турындағы «Атыраумен» алматылық «Қайрат» командасының 25 наурызда өткізілуге жоспарланған кездесуін егер ҚФФ басшылығы келісімін берсе, біз өз стадионымызда өткізуді көздеп отырмыз – дейді  А. Нысанғалиев.

«Атырау» ФК директоры Арман ҮМБЕТӘЛИЕВТІҢ айтуынша, жоспарланбаған тек бір ғана Оралға бару сапары клуб бюджетіне айтарлықтай жүк салғалы тұр. Әзірге стадионды жалға алу құны жөнінде оралдық әріптестермен әңгіме қозғала қойған жоқ. Мәселен, Алматыдағы стадионды жалға алу құны 1 млн теңгеге шығады. Оралдық стадионның жалға алу құнын үнемдеу мақсатында  «Атырау» командасы жаттығулары үшін бірінші және екінші матч аралықтарында Балықшыдағы «Судоремонтник» базасына келеді. Клуб үшінші тур матчын «Атырау» командасы «Мұнайшы» СК өткізуіне рұқсат алуды көздеп отыр. 

«Атырау» ФК-ның 4 мыңға жуық жанкүйері бар. «Мұнайшы» СК матчке  келушілердің орташа саны осындай, ал, стадион 8 650 адамға есептелген. «Атырау» футбол клубының фан-қозғалыс көшбасшыларының бірі Андрей К. бізге клуб жанкүйерлерінің ҚФФ шешіміне қатты налып қалғандығын айтты және олар сол мәселенің дұрыс шешім табатындығына сенеді. Андрей «Атырау» ФК басшылығына бірінші және екінші тур матчтарына Оралға баруға жанкүйерлерді көлікпен қамтамасыз етуді сұрады. А.Үмбетәлиев автобустың болатындығына уәде етті.

Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ,

Суретті түсірген Қанат ЕЛЕУОВ

1 наурыз 2012, 16:50

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.