Атырау, 24 сәуір 00:39
 ашықВ Атырау +22
$ 444.32
€ 473.33
₽ 4.76

Облыстың жаңа бас медигіне «жүйені ретке келтіру» тапсырылды

3 667 просмотра
Мәншүк АЙМҰРЗИЕВА.

Өз еркімен лауазымынан кеткен Аманбек ЖҰМЫРОВТЫҢ орнына облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы болып Мәншүк АЙМҰРЗИЕВА тағайындалды. Ол бұдан бұрын Батыс Қазақстан облысының денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары болған.

13 сәуірде оны облыс активіне таныстырған әкім Нұрлан НОҒАЕВ басқа өңірлерге қарағанда заманауи медициналық жабдықтардың бар екендігіне қарамастан бізде медицина жағдайының мәз еместігін жасырмады. Демек, проблема кадрларда болып тұр деген тұжырым жасауға тура келеді. Ноғаев жаңа басшылыққа қарамағындағыларды атқарып отырған қызметтеріне сәйкестілік тұрғысында аттестациядан өткізуді тапсырды:

- Өз жұмысын атқара алмайтындардан арылыңыз, жаңа мамандар алыңыз. Сіздің тәжірибеңіз мол, сондықтан жүйені ретке келтіру үшін денсаулық сақтау саласын сізге сеніп тапсырып отырмыз.

Зульфия ИСКАЛИЕВА 

14 сәуір 2017, 12:59

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.