Атырау, 24 қараша 01:41
 ашықВ Атырау +1
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Балыққа да ауа керек

3 785 просмотра

Жайық-Каспий облысаралық бассейндік балық шаруашылығы инспекциясының Махамбет ауданы балық қорғау инспекциясы бөлімі қызметкерлері тоғандардағы балықтарды аман сақтап қалудың шарасын алуда.

Негізгі бөлім 400 шақырымды құрайтын Талғайраң селосы мен Атамбаев елдімекені аралығындағы су айдындарын бақылауға алған. Күні бүгінде 20 тоғандағы балықты қорғау негізгі міндет болып саналады. Махамбет ауданы балық қорғау инспекциясының бөлім бастығы Бауыржан САБИРОВТЫҢ мәлімдеуінше, биыл қардың қалың түсуі мен қатты аяз балықтарға қатер төндірген. Мұз құрсауындағы балықтарға оттегін жіберу үшін бөлім қызметкерлері биылғы қаңтар мен ақпанда бел жазбай еңбек етті. Отызға жуық ойықтар жасалып, сексеннен астам үкілер осы кезде ойылды.

Ләззат ҚАРАЖАНОВА

23 ақпан 2012, 14:08

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.