Атырау, 28 қараша 01:30
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +1
$ 499.51
€ 525.83
₽ 4.62

«Мақат тынысы» тоналды

5 797 просмотра

Мақат аудандық «Мақат тынысы» газетінің редакциясы осымен үшінші рет тоналып отыр.

Ақпанның 13-нен 14-не қараған түнде белгісіз біреулер редакцияның есігін бұзып кіріп, төрт компьютер, сканер, монитор, сейфтегі ақшаны ұрлап кеткен.

Бұдан екі жыл бұрын редакцияға екі рет ұрлық жасалғанымен, қылмыс ізі ашылмай қалған болатын. Аудандық ІІБ-нен алынған мәлімет бойынша, мұндай компьютер ұрлау оқиғасы өткен жылы да тіркелген, биыл осындай 5 факт анықталып отыр. Ұрылар БТИ, «Атырау Су Арнасы» сияқты т.б. аудандық мекемелерден бірнеше компьютерді қолды еткен.

-Бұл ұрлықтар бойынша ҚР ҚК 175 бабы 2 бөлімі бойынша қылмыстық іс көтеріліп, тергеу жұмыстары жүріп жатыр,-деп мәлімдеді Мақат аудандық ІІБ бастығының орынбасары Талап УРИШАНОВ.

Ләззат ҚАРАЖАНОВА

22 ақпан 2012, 21:55

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.