Атырау, 24 қараша 02:00
 ашықВ Атырау +1
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

ТШО СТГ үшін ғимарат салады

2 523 просмотра

Мұнайлы аймақ тұрғындарының Теңіз немесе Қашаған жобаларының әлеуметтік бағдарламаларының құны мен оны жүзеге асыруға деген қызығушылығы түсінікті. Сырқатты экологиямызды біз ешқандай төлемдермен, бонустармен және миллиардты айыппұлдармен құтқара алмаймыз, оның үстіне олардың барлығы тікелей жалпы республикалық қазанға түседі. Сондықтан да бізге әлеуметтік бағдарламалар есебінен ғана игіліктерді көруге болады. 

ТШО ЖШС-нің «Игілік» бағдарламасының жылдық бюджеті биылғы жылы  $20 млн құрап отыр. Біз ТШО үкіметпен және қоғамдық жұртшылықпен байланыс жөніндегі бөлімінің Атырау облысының мемлекеттік органдарымен байланыс жөніндегі директоры Мәрия ҚАРАЖІГІТОВА хабарлағандай, ТШО ішкі кварталдық су құбырлары желісінің қосымша көлемін қайта жарақтандыруға «Игілік» бағдарламасының жылдық көлемінен  $11 млн бөлінген. (Толығырақ 3-бетте. “Күзді күтіп құбыр тұр”).

– Бұл жерде әңгіме су құбырлары желісінің қосымша 108 шақырымы туралы болып отыр. Оның 27 шақырымын біздің мердігерлеріміз күзде жөндеп бітірді. 81 шақырымы қалды. Бүгінгі күні осы қалған қосымша жұмыс көлемі үшін тендер өткізіліп жатыр. Жүзеге асырыла бастағанына үш жыл болған  бағдарлама барысында бірнеше жергілікті компаниялар: «Капитал» ЖШС, «Намыс құрылыс», «КОССК», «Алтын су», «Алау құрылыс» іске жұмылдырылды, – деп нақтылап қойды Мәрия Қаражігітова.

ТШО мердігерлері әрбір тұрғын үй кварталдарына дейін жаңа тұрбалар тартты, ал, одан әрбір бес қабатты үйге құбырларды әкімдіктің «Эра» мердігер компаниясы жүргізді. Мөлтек аудандар бойынша жұмыстар 2010 жылы аяқталды.

«Игілік» бағдарламасының жылдық көлемінен қалған $9 млн Қаражігітованың айтуынша, бірқатар әлеуметтік нысандарға жұмсалмақ екен, оның ішінде 2013 жылда қарастырылатын нысандар да бар. Олар әрқайсысы 280 орынға арналған 2 балабақша, оның бірі Жылыой ауданының Жаңа Қаратон поселкесінде, екіншісі Атырау қаласындағы Привокзальный мөлтек ауданында салынбақ. Және техникалық гимназияда балалары оқитын ата-аналар үшін тағы бір  жақсы жаңалық: олардың балалары үшін 624 оқушыға есептелген мектепті ТШО шамамен Нұрсая мөлтек ауданында салады (әзірге оқушылар түрлі ғимараттарға көшіп-қонып оқып жүр).

-Қазір осы барлық нысандар бойынша жобалау жұмыстары жүргізілуде, жер учаскесін бөлу құждаттары рәсімделуде,- деп хабарлады Қаражігітова.

-«Игілік» бағдарламасы бойынша тағы бір қолға алынатын іс – Атырау қаласының бір бөлігін көгалдандыру. Компанияның қаланың нақты қай ауданын көгалдандыратынын Қаражігітова атауға қиналып қалды, бірақ, ТШО компаниясына қалалық саябақтарды, олардың аумақтарымен қоса көріктендіру, оның ішінде ол жерлерде балалар алаңдарын жасау бекітілгендігін мәлімдеді.

Лаура СҮЛЕЙМЕНОВА,

Суретті түсірген  Қанат ЕЛЕУОВ

22 ақпан 2012, 20:44

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.