Атырау, 24 қараша 01:55
 ашықВ Атырау +1
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Стандарт сәби өлімін арттырды

3 971 просмотра

Атырау қалалық прокурорының көмекшісі Әнуар БОРАШЕВ тексерудің алдын-ала қорытындылары мен облыс орталығында дүниеге келген сәбилер өлімі бойынша жасалған талдау туралы хабарлады.

Атырауда 2011 жылы 8043 бала дүниеге келген. Оның 78-і перезентханада көз жұмыпты. Ал биылғы жылдың қаңтарында дүниеге келген 786 сәбидің 13-і шетінеген. Медиктер сәби өліміне өкпенің қабынуы мен тыныс алудың бұзылу синдромы негізгі себеп болып  отыр деп атады.

Ә. Борашевтің айтуынша, қазір тексеру жұмыстары жүргізілуде. Оның қорытындылары бойынша қажет болған жағдайда прокурорлық әрекет ету шаралары алынатын болады.

Ал облыс медиктері осынау көңіл жүдететін статистиканы ҚР-ның Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының статистика жүргізу стандарттарына көшуімен байланыстырып отыр. Бұрын біздің елімізде қабылданған критерийлерге сәйкес, 28 аптадан кем болмайтын жүктілік мерзімінде дүниеге келген, салмағы бір келіден төмен болмайтын, дене ұзындығы 35 см-ден кем емес және өздігімен ең болмағанда бір рет демін ішке тартқан сәби тірі деп есептелетін. Ал Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының стандарттарына сәйкес, 500 граммнан кем түспейтін шараналардың барлығын, тірі немесе өлі туылса да, бала санына есептейді.

Лаура СҮЛЕЙМЕНОВА

22 ақпан 2012, 21:28

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.