Атырау, 25 сәуір 10:10
 ашықВ Атырау +26
$ 443.85
€ 474.30
₽ 4.80

Жаңа ректор келді

2 687 просмотра

Өткен жұма күні ҚР Білім және ғылым министрлігінің бұйрығымен Халел Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінің ректорлығына 55 жастағы Қарағанды облысының тумасы, қазіргі кезге дейін С. Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетіне басшылық еткен Бейбіт МАМРАЕВ тағайындалды.

Білім министрлігінің баспасөз қызметі хабарлағандай, Б. Мамраев жоғарғы білім саласындағы тәжірибелі топ-менеджер, филология ғылымдарының докторы, профессор, Еуразия Халықаралық экономикалық академиясының академигі, қазақстандық Пен-клуб мүшесі, дипломатиялық ранг иегері. ҚР Президенті әкімшілігі мен сыртқы істер министрлігінде жасаған жұмыс тәжірибелері бар.

Зульфия ИСКАЛИЕВА

22 ақпан 2012, 21:22

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.