Атырау, 24 қараша 01:38
 ашықВ Атырау +1
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Шекарадағы “бас жазулар”

2 032 просмотра

Еліміздің батыс аймағы бойынша әскери прокуроры Талғат БЕКБЕРГЕНОВТІҢ (суретте) мәліметі бойынша, 2011 жылы  әскери қылмыс 34 пайызға түскен.

Алайда орта және жеңіл дене жарақатын келтіру оқиғалары небары 7 пайызға ғана кеміпті. Одан бөлек, прокурорлық әрекет ету шаралары бойынша201 лауазымды тұлға түрлі жауапкершілікке тартылып, 650 әскери қызметкерлердің конституциялық құқығы қорғалған, сондай-ақ, мемлекетке 1,5 млн теңгеден астам кіріс өндірілген.

Әскерилердің құқығы әсіресе – демалуға және бір жерден екінші жерге өтуге берілетін құқықтарын пайдалана алмай, жоғары шенді-лерден құқай көрген.

Осыған ұқсас жағдай өткен жылдың қазан айында мемлекеттік шекарада орын алған. Шекара күзетуге тұрған әскери бөлімнің шекаралық заставасының келісім-шарттық сержанты Е.Шайхмеденов шекара аймағында кездескен екі бейтаныспен бірге спирттік ішімдік ішкен. Ал өзімен бірге шекара күзеткен ефрейтор О.Избасаровты әрі қарай қарауылдауға қызметке салған. Алайда, застава бастығы кешігіп келу себебін анықтаған соң, сержант ефрейторға жеңіл дене жарақатын келтірген. Сонымен қатар, өзімен бірге қызметтес әскерилерді балағаттаған. Есеп беру жиынына қатысқан батыс аймақтық әскери прокурорының аға көмекшісі Серік АБСАМАТОВТЫҢ айтуынша, бұл әрекеті үшін сержанттың үстінен қылмыстық іс қозғалған. Алайда, көп ұзамай Е.Шайхмеденовқа қатысты қылмыстық қудалау ҚР-ның «Қазақстан Республикасы мемлекеттік тәуелсіздігінің жиырма жылдығына байланысты рақымшылық туралы» заңының 4-тармағы бойынша тоқтатылды.

Бұдан бөлек, жиында өткен жылы әскерге шақыру комиссиясы есірткі затын пайдаланатын 4 жігітті наркологиялық диспансерге тіркегендігі айтылды.     

Бүгінде барлық әскери бө-лімдерде және казармаларда қару, әскери жабдықтар, басқа да материалдық құндылықтар сақталатын қоймаларда бейнебақылау құралдарыорнатылуда.

Казармалық бұзақылыққа жол бермес үшін әскери прокуратура тексеру жұмыстарын аяқ астынан жүргізуді қолға алған.

Айнұр САПАРОВА

Суретті түсірген автор

22 ақпан 2012, 21:18

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.