Атырау, 24 қараша 01:36
 ашықВ Атырау +1
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Диспетчерлер дабыл қағуды ұмытып кеткен

1 918 просмотра

8 ақпанда «Атырау-Маңғышлақ» жолаушылар пойызы қар құрсауында қалып, одан кейін тағы 6 пойыз тоқтатылған кезде («Пойыздар батып қалды», «АЖ» 16 ақпан, 2012 жылғы №7 қараңыз), теміржолшылар «Төтенше жағдайлардың қауіп-қатері, туындауы немесе жоюы  кезінде ақпаратты беру жөніндегі» ТЖМ нұсқауын бұзған. 

Бұл туралы облыстық ТЖД бастығы Болатбек ОМАРОВ хабарлады. Нұсқауға сәйкес, төтенше жағдайлардың туындауы жөніндегі ақпарат құтқару қызметіне шұғыл арада таратылуы тиіс екен. Алайда қар бөгелісінен Мақат және Жылыой аудандарының аумағында жеті жолаушылар пойызы тоқтап қалған күні «112» кезекшісіне ақпарат теміржол диспетчерлерінен немесе басшылығынан емес, сол пойыздың жолаушыларынан келіп түсіпті. Соның салдарынан мазасызданған жолаушыларға көмек кешігіп жеткен.

13 ақпанда облыстың көлік прокуроры Болат ҚАЛЫҚОВ төтенше жағдайлар жөніндегі департаментке теміржол басшыларына қатысты прокурорлық әрекет ету шаралары алынатындығын хабардар етті.

Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ

22 ақпан 2012, 21:17

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.